Мартинес – Аргентинаның жыл спортшысы

Мартинес – Аргентинаның жыл спортшысы

Аргентиналық былғары қолғап шебері Серхио Мартинес өз елінің 2012 жылғы үздік спортшысы деп таңдалды. Үздік спортшыны аргентиналық спорт журналистері дауыс беру арқылы анықтаған.

Серхио Мартинес қыркүйек айында мексикалық Хулио Сезар Чавесті жеңіп, WBC тұжырымы бойынша әлемнің чемпионы атанған.

Дауыс берудің қорытындысы бойынша, екінші орын таэквандошы Эдуардо Крисманичке бұйырыпты. Ол Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада барысында 80 келі салмақта чемпион атанған. Ал биылғы маусымда қарсылас қақпасына 90 мәрте гол соққан «Барселона» мен Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси үшінші орын алған.

Айта кетсек, Аргентина спорт журналистер қауысмдастығы елдің жыл спортшысын 1954 жылдан бері анықтап келеді. 2012 жылы «Жыл спортшысы» атағын Месси жеңіп алған болатын.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: ambox.su

Ю. НИКУЛЛИН