Маррей мен Джокович US OPEN турнирінің фантастикалық ойынын өткізді

Маррей мен Джокович US OPEN турнирінің фантастикалық ойынын өткізді

Дүйсенбі күні АҚШ-тың ашық чемпионатында теннистен өткен ерлер арасындағы финалда британдық Энди Маррей мен сербиялық Новак Джокович жолықты.

Бес сет бойы аянбай тер төккен қос мықтының арасындағы ойын талайдың таңдайын қақтырып, тақымын қыстырып отырды. Тегі шотландық Энди Маррей бұл жолы сербиялық Новак Джоковичтен басым түсті (7:6, 7:5, 2:6, 3:6, 6:2). Теннис әлеміндегі тендессіз спортшылардың арасында өткен ойын 4 сағат 51 минут бойына созылып, сол арқылы аталған ойын US OPEN финалының тарихына ең ұзақ өткен ойын есебінде алтын әріппен жазылып қала бермек.

Әлемнің төртінші ракеткасы саналатын Маррей араға бесінші мүмкіндікті салып барып, Үлкен Шлем турнирінің жеңімпазы атанды. Одан бұрынғы қадамдары сәтсіз аяқтала берген ойыншының осы жылы бағы оңынан туып тұр. Өздеріңіз білетіндей, Олимпида мен US OPEN турнирінде қатарына топ жару ешкімнің қолынан келіп көрген емес.

Айта кетсек, Нью-Йоркте өткен ойынға британдық спортшыны қолдауға актер Шон Коннори мен "Манчестер Юнайтед" командасының бас бапкері сэр Алекс Фергюссон  секілді ерекше қонақтар келді.

Әлемнің экс бірінші ракеткасы Новак Джокович алтыншы рет Үлкен Шлем турнирінде топ жара алмай қалды. 

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига