"Аcтаналық" Мақсат Аязбаев "Болгария турының" негізгі классификациясында жеңіске жетті, деп хабарлайды astanafans.com. Жерлесіміз соңғы метрлерде топтың алдына суырылып шығып, мәреге бірінші болып келді.
Мәре сызығын екінші болып BDC MARCPOL TEAM командасының мүшесі Мацин Сапа кесті. Үшінші орыннан BRISASPOR-лық болгар спортшысы Георги Георгиев көрінді.
Аязбаевтың серіктері Владислав Горбунов, Арман Қамышев, Никита Өмірбековтар сәйкесінше 10, 12 және 35-ші орыннан көрінді. Айта кетелік, Өмірбеков сайыстың таулық классификацияында жеңіске жеткен болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: astanafans.com