"Лос-Анджелес Гэлекси" Каканы сатып алмақшы

"Лос-Анджелес Гэлекси" Каканы сатып алмақшы

Американдық футбол клубы "Лос-Анджелес Гэлекси" мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Каканы америкалық клубтың сапында көруге ниетті, деп хабарлайды AS.

Екі жақты келіссөздер тамыз айының басынан басталған көрінеді. Американдық клуб 37 жастағы жартылай қорғаушы Дэвид Бекхэм спорттық ғұмырын аяқтағаннан соң Кака команданың маркетингтік табысын одан әрі дамытады деп сенеді. Қазір "Гэлекси" бразилиялық футболшыға жылдық табысы 9 миллион евроны құрайтын үш жылдық келісім-шарт ұсынуға дайын көрінеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Кака "Миланға" оралуы мүмкін деп хабарланған болатын. "Милан" клубының вице-президенті Адриано Галлианидің мәлімдеуінше, Каканың ауысымы әбден мүмкін. Дегенмен бұл мадридтік клуб пен бразилия футболшысының қаржылық талаптарына байланысты. Каканың "Реалдағы" қазіргі жалақсы жылына 10 миллион евроны құрайды. Сондай-ақ, франциялық "Пари-Сен-Жермен" мен Нью-Йорк Ред Буллс командалары да аталған фуболшыға қызығушылықтарын білдіруде. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: vesti.kz

Ж. FM