Лондондағы Олимпиада қалашығы

Ұлыбританияның астанасында ресми түрде Олимпиада қалашығы ашылды.

Олимпиада қалашығы 36 гектар жерді алып жатыр. Бұрын-соңды ойын тарихында дәл мұндай ең ыңғайлы тұрғын үй болған емес. Қалалық Стратфорд ауданында ашылған Олимпиада саябағында 11 көпқабатты тұрғын үй мен 2818 пәтер алдағы күндерде ойын қатысушыларын қабылдайтын болады.

Олимпиада өтер уақытта шамамен 203 елден 16 мың спортшы қо­ныс­танады екен.

Айта кетерлігі, тұрғын үйдің ресми ашылуы Ұлыбританияның астанасына алғашқы Олимпиада делегациясының келуімен тұспа-тұс келіп отыр. Және Қазақстандық спортшы­лар­дың алғаш­қы ­легі 18 шілде күні сапарға шығады. Алғашқы делега­цияның қата­рына 180 адам кіріп отыр. 

Сурет:soccer.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт