Лондонда өткелі жатқан Олимпиадаға Қазақстанннан 91 спортшы қатысатын болды. Бұл туралы massaget.kz тілшісіне Спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен ел намысын қорғайтын азаматтармен таныстыралық.
Мергендер арасындағы бәсекеде Вячеслав Подлесный, Ольга Довгун ел намысын қорғайды. Ауыр атлетикадан 8 спортшы қатысады - Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова (Алматы) мен Илья Ильин (Қызылорда). Кейінгі төрт спортшы анықталған жоқ.
Жеңіл атлетикадан 12 спортшы - Наталья Ивонинская (ОҚО), Ольга Рыпакова және Анастасия Сопрунова (ШҚО), Ирина Эктова, Евгений Эктов, Маргарита Мацко (СҚО), Айман Қожахметова (Алматы), Марина Аитова және Виктория Зябкина (Алматы), Георгий Шейко (БҚО), Ирина Карпова және Вячеслав Муравьев (Қарағанды);
Бокстан тоғыз азамат - Біржан Жақыпов (ОҚО), Ілияс Сүлейменов, Қанат Әбуталіпов, Данияр Елеусинов (Астана), Ғани Жайлауов (Жамбыл), Серік Сапиев (Қарағанды), Данабек Сужанов (ШҚО), Әділбек Ниязымбетов (Маңғыстау) және Иван Дычко (Қостанай);
Байдаркамен жүзуден Наталья Сергеева мен Александр Дядчук (Алматы), Алексей Дергунов (БҚО) пен Евгений Алексеев (ОҚО) өнер көрсетеді.
Грек-римдік күрестен бес спортшы - Алмат Кебеспаев (Астана), Дархан Баяхметов (ШҚО), Асхат Ділмұхамедов және Нұрмахан Тінәлиев (Алматы), Даниял Гаджиев (БҚО);
Әйелдер арасындағы күрестен 3, еркін күрестен 7, таэквондодан 3, көркем гимнастикадан 1, спорттық гимнастикадан 2, стендтік оқ атудан 1, еспелі слаломнан 1, семсерлесуден 3, академиялық еспелі жарыстан 2, синхронды жүзуден 2, дзюдодан 7, әйелдер арасындағы дзюдодан 2 спортшы қатысатын болады. Сонымен қатар су полосынан да жерлестеріміз өнер көрсететін болады.
Отандастарымызға сәтттілік тілейміз!
сурет: ©REUTERS