- Негізгі бет
- Маккала
- Левит жеңіліп қалды...
Левит жеңіліп қалды
Массагеттіктерді бұған дейін Азия аймағындағы іріктеу турнирінің қызықтарынан құлағдар етіп келгенбіз. Астанадан жеткен хабарлармен таныстыруды жалғастырамыз.
Бұған дейін турнир аясында жеңіліс тауып көрмеген Қазақстан командасы алғаш рет сәтсіздікке ұрынды. 91 кг салмақта бокстасып жүрген Василий Левит сириялық боксшы Мохаммед Госсоуннан айласын асыра алмады.
Рингге сириялық қонақ "ә дегеннен-ақ" сенімді түрде аяқ басып кірді. Жүзіндегі күлкінің өзі оның жеңіске жететінігіне үмітінің көп екендігін білдірсе керек. Осылайша кездесудің алғашқы раунды 4:2 болды. Сириялықтың пайдасына. Екінші раундта қарсылас боксшыға ескерту берілді. Дегенмен бұл жерлесімізді жеңіске бастай алған жоқ. Екінші раундтың есебі 5:8. Ептеп жүріп үшінші раундқа да жеткен едік. Бірақ екінші шайқастың нәтижесінен ой қорытқан жанкүйерлердің Левиттің жеңісіне деген сенімі азая түсті. Ақыры не керек, үшінші раунд та қонақ спортшының пайдасына шешіліп, 2:3 болып аяқталды.
Жалпы есеп 9:15. Енді Қазақстан Лондондағы олимпиадаға толық құрамда бара алмайтын болады. Бұл лицензия 91 кг салмақта чемпион болған боксышға бұйырады.
сурет: alasharena.kz