Кюйт "Фенербахче" ойыншысы болды

Кюйт "Фенербахче" ойыншысы болды

Голландиялық легионер Дирк Кюйт келесі маусымнан бастап, стамбулдық "Фенербахче" клубының сапында өнер көрсететін болады. 

Бұл жайлы ресми түрде түрік жағы хабарлады. Ауысым сомасы әлі белгісіз қалуда, бірақ Кюйттің жаңа клуб құрамында үш жыл ойнайтыны мәлім болды. 

"Фенербахче" - мансабымды жалғастыруға болатын керемет жер. Өткен маусымда команданың чемпионатты ұтып алу мүмкіндігін жіберіп қойғаны өкінішті. Дегенмен, ол Чемпиондар лигасының квалификациялық раундына өтті", - дейді "Ливерпуль" клубының бұрынғы ойыншысы. "Менің "Ливерпульден" кетуімнің себебі жанкүйерлер мен клубтағы адамдардың қатынасымен еш байланысты емес. Олар әрқашанда менің жүрегімде қалмақ", - деп Кюйт өз сөзін жалғады.

Айта кетсек, 31 жасар Кюйт мерсисайдтар қатарына 2006 жылы "Фейенордадан" келген болатын. Ол ағылшын Премьер лигасында 200 ойын өткізіп, 51 гол соғып көзге түсті. 

Сурет: sovsport.ru

Ж. FM