Жүгіру ауа райы мен климатқа тәуелсіз спорттың әмбебап түрі. Сондықтан қыс мезгілі жүгіруді тоқтата тұруға себеп емес. Қыста жүгірудің басқа мерзімдерге қарағанда өзгешелігі бар. Қыста жүгіру бұлшықеттерді жаттықтырумен қатар, денені шынықтыруға көмектеседі. Қыста жүгірудің пайдасы -Дене шыдамды бола түседі. Ақырындап ағза суыққа үйрене бастайды. Сол үшін төмен температураны жеңіл көтере аласыз. - Тыныс алу жолдары дамиды. Қыста киіммен жүгіргенде суық ауа тыныс алу жолдарының функционалдық мүмкіндіктерінің көбеюіне ықпал болады. - Иммунитетті нығайтады. Түрлі жұқпаларға қарсы тұратын қорғаныш функциялар артып, адам сирек ауырады. - Қан құрамы жақсарады. Қыста жүгіру кезінде суық ауа қанның сұйылуын шақырып, нәтижесінде қан тамырларының тығындалып қалу қаупін төмендетеді. Сонымен қатар, қан оттекпен белсенді қанықтырылады. - Күні бойына күшпен және қуатпен қамтамасыз етеді. Суық ауада теріс зарядталған бөлшектердің (ауа иондары) көп мөлшері болады. Олар адамның қуатты жүруіне ықпал болады. Қысқы жүгірудің негізгі ережелері Қыс әр аймақта әртүрлі өтеді. Қысқы жүгіруді қолайлы температурадан бастау ұсынылады. -20 градус температурада жүгіру ұсынылмайды, себебі ол тыныс алу мүшелеріне және адамның жалпы хал-жайына негативті әсер етуі мүмкін. Қысқы жүгіруде киім маңызды рөл атқарады. Ол көпқабатты болуы тиіс. Бірнеше қабат киім жүгіруден пайда болған тер мен жылуды дұрыс әрі тиімді таратуға көмектеседі. Сол кезде дененің қызып кетуінен немесе аса суып кетуінен сақтайды. Қыста жүгіру кезінде жабық жерлерде жүгірген дұрыс. Мысалы: ағаштар өсіп тұрған саябақ немесе үйлер тығыз орналасқан көшелер. Егер тұмаудың қандай да бір себептерін байқасаңыз, толықтай жазылғанша жүгіруді кейінге қалдырған жөн. Жүгіру алдында бұлшықеттер мен қан тамырларын қыздыру үшін жеңіл жаттығу жасау керек. Сонымен қатар, сыртқа шығар алдында бетіңізге және ерніңізге суықтан қорғайтын арнайы крем немесе бальзам жағып алыңыз. Жүгіруді енді бастаған болсаңыз, аз уақыттан (10-15 минут) бастап, оған әркез 5 минут қосу арқылы көбейте беріңіз. Жаңадан бастаған адамдарға жүгірумен күнара немесе аптасына екі рет айналысқан жеткілікті. Сол кезде бұлшықеттер мен қантамырларына қатты жүктеме түсірмейсіз. Қысқы жүгіруде міндетті түрде мұрынмен демалу керек. Егер мұрынмен тыныс алу жеткілікті болса, дұрыс жүгіргеніңізді білдіреді. Егер ол жеткіліксіз болып, ауа бөлігін аузыңызбен алсаңыз, жылдамдықты азайтыңыз. Қыста жүгіру кезінде өзіңізбен су алып шығу міндетті емес. Жүгіруге шығарда ғана бірнеше жұтым жылы су ішкеніңіз жарайды.