- Негізгі бет
- Маккала
- Кувейттегі оқиғаға байланысты...
Кувейттегі оқиғаға байланысты баспасөз мәлихаты өтті
Кувейттегі Мергендер арасында өткен Олимпиадада орын алған келеңсіз жағдайға оқырмандар қанық деп ойлаймыз. Естеріңізде бар болса, салтанатты түрде медаль тапсыру кезінде Қазақстан әнұранының орнына "Борат" фильміндегі әуен қосылып, масқара болған едік.
Осыған орай, Қазақстан Спорт және дене шынықтыру жөніндегі агенттігінің басшысы Талғат Ермегияев кеше баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл басқосуда төраға Азия Олимпиадалық комитетіне ресми шағым жолдағандығын айтқан.
«Бұл жердегі бар жауапкершілік жарысты ұйымдастырушы мемлекеттің мойнында. Мұндай мәртебелі доданы өткізген мемлекет әрбір қатысушы елден ресми түрде әнұранын сұрап алу керек. Біз сыртқы істер министрлігі арқылы ресми шағым түсірдік», - деді Талғат Ермегияев.
Айтып өтелік, бұған дейін осы оқиғаға қатысты Қазақстан тарапы наразылық нотасын білдірген еді. Комитет басшылығы қазақстандықтардан кешірім сұрап, әнұранды интернеттен алғандығы туралы айтып өкінішін білдірген болатын.
сурет: alasharena.kz