Күрес 2020-шы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына еніп отыр

Күрес, бейсбол, софтбол, сквош – спорттың осы бір үш түрі 2020 жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламалық кестесіне еніп отыр. Бұл туралы Марк Адамс жария етті.

Кешегі күні Санкт-Петербург қаласында 2020–шы Олимпиада ойындарына үміткер сегіз спорт түріне орай пресс-конфреренция болып өткен. Аталған спорт түрлері: күрес, бейсбол және софтбол (бірге), карате, дөңгелекті спорт, сквош, тауға өрмелеу, вейкбординг пен ушу.

"Спорттың үш түрі ұсынылған болатын: күрес, бейсбол мен софтбол, және де сквош", - деп Адамс пресс-конфреренцияда сөз алған.

Халықаралық олимпиадалық ұйымының қорытынды шешімі осы жылдың қыркүйек айында Буэнос-Айресте өтетін бас ассамблеяда белгілі болмақ.

Сурет:ria.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек