Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Словакиядағы турнирде көрсеткен сәтті өнерінің арқасында кәсіпқой теннисшілердің Ассоциациясының (АТР) жаңарған рейтингісінде 99 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Айта кетейік, Кукушкин өткен аптада "Челенджер" сериясы аясында Словакияда өткен турнирдің финалына дейін жетіп, Босния және Герцеговина өкілі Дамир Джумхураны үш сетте тізе бүктірді (6:4, 1;6, 6:2). Бұл жеңіс қазақстандықты әлемдік рейтингте 324-орыннан бірден 225-ші орынға көтерді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Андрей Голубев болса бес сатыға көтеріліп, енді ол 172-орынға жайғасты. Ал Евгений Королев болса екі орынға құлдырап 175-орыннан көрінді.
Ал АТР рейтингісінің үздік ондығында ешқандай өзгеріс орын алған жоқ. Бірінші орынды сол баяғыдай серб Новак Джокович иеленсе, екінші британдық Энди Маррей тұр. Үштікті швейцариялық Роджер Федерер қорытындылап тұр.
АТР жаңарған рейтингісі. 17-маусым:
1 (1). Новак Джокович (Сербия) - 11830 ұпай,
2 (2). Энди Маррей (Ұлыбритания) - 8560,
3 (3). Роджер Федерер (Швейцария) - 7740,
4 (4). Давид Феррер (Испания) - 7220,
5 (5). Рафаэль Надаль (Испания) - 6895,
6 (6). Томаш Бердых (Чехия) - 4515,
7 (7). Жо-Вильфрид Цонга (Франция) - 4155,
8 (8). Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) - 3960,
9 (9). Ришар Гаске (Франция) - 3135,
10 (10). Станислас Вавринка (Швейцария) - 2810,
...172 (177). Андрей Голубев (Қазақстан) - 293,
175 (173). Евгений Королев (Қазақстан) - 291,
225 (324). Михаил Кукушкин (Қазақстан) - 211,
494 (495). Юрий Щукин (Қазақстан) - 65,
581 (582). Денис Евсеев (Қазақстан) - 46.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gotennis.ru