Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қоржынымызға кіші күміс келіп түсті.
Бұл күмісті 53 келіге дейінгі салмақ дәржесінде өнер көрсеткен Маргарита Елисеева алып берді. Ол жұлқа көтеруде 85 келіні бағындырды. Ал серпе көтерудің бірінші мүмкіндігінде 98 келіге шамасы шеткенімен, 102 келіні бағындыра алмады.
Бұл салмақта алтын медальді Қытай елінен келген зілтемірші Джиан Гуо алды. Ол серпе көтеруде 90 келіні көтерсе, жұлқа көтеруде 112 келіні басынан асырып, өзінің жеке рекордтын орнатты. Екінші орында Вьетнам спортшысы Нгоянг Тхи. Ол қоссайыс бойынша 187 келіні басынан асыра көтерді (80 келі серпе, 107 жұлқа). Үшінші орынды оңтүстік көршіміз Өзбекстан құрамасының спортшысы Марина Сисоева еншіледі. Ол серпе көтеруде 80 келі, жұлқа көтеруде 106 келіні бағындырды.
Айта кетейік, бүгін жарыс жолына үш спортшымыз шықты. Әйелдер арасында 48 келіде Галина Мамотова өнер көрсетсе, 56 келіде Арли Чонтей жарыс тұғырына шыққан болатын. Өкінішке орай, бұл қос спортшы да жүлделі орындарға ие бола алмады. Енді бірнеше уақыттан кейін 62 келі салмақта тағы да бір зілтеміршіміз Фархад Харки жарыс жолына шығады.
Астанадан: Уалихан Қосанбай
Сурет: Уалихан Қосанбай