Мемлекеттік бағдарламаларды дамытуды жетілдіру жобасы бойынша қазақтың ұлттың спорты көкпар кәсіби дәрежеге ие болды. Бұл жөнінде ұлттық спорт Ассоциациясының вице-президенті Садыбек Түгел хабарлады.
"Біз көкпар секілді ұлттық спортты кәсіби клуб жүйесіне ауыстырғанды жөн санадық. Осыған байланысты көкпарға арналған 16 алаң салынбақ. Бізде мұндай ипподромдар Алматы мен Жамбыл облыстарында бар. Ал біз бәйге орындарының тек осы қалаларда ғана емес, еліміздің бар қаласында салынғанын қалаймыз", - дейді Түгел мырза КазТАГ-қа телефон арқылы берген сұхбатында.
Оның сөзінше, мемлекеттік жобаға сәйкес Астана қаласында ұлттық спорт түріне мамандарды жаттықтыруға арналған орталық және колледж салу да көзделген. Еліміздің әр ауданының орталығында көкпарға даярлайтын спорт мектептерін ашсақ деген де жоспар жоқ емес. "Біз спортты дамытуға арналған мемлекеттік жобаны күтіп отырмыз. Онда мұндай орталықты ашуға рұқсат етілгендігі көрсетілуі керек. Бізде көкпарға даярлайтын ешқандай да арнайы орын жоқ. Тек Спорт және Туризм Академиясында ғана бір факультет жұмыс жасайды", - дейді Садыбек Түгел. Оның айтуынша, бұл жоспар 2013-2020 жылдарды қамтиды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: toibastar.kz