Қазақстандық сарбаздар ММА 2012 әлем кубогы турнирінде жеңіске жетті

Еліміздің Қарағанды қаласында аяқталған ММА тұжырымындағы жекпе-жектен әлем кубогында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Ресей жайғасса, үшінші орынға Қытай ие болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Әлем кубогын жекпе-жектің Номад ММА тұжырымы бойынша әлемдік федерациясы және Қазақстанның республикалық жекпе-жек Одағы ұйымдастырды. Олар финалдық кезеңге дейін ММА-2012 Әлем кубогының жекелей сынында топ жарған спортшыға чемпиондық белбеу табыстайтынын құпия сақтап келген еді.

ММА-2012 әлем кубогы жарыс басталмай-ақ көрерменге лық толған Қарағандының "Жастар" спорт кешенінде өтті. Жарысқа жекпе-жек өнерінің бірнеше түрінен шеберлер қатысты. Олардың ішінде: қоян-қолтық ұрыс, күрес, бокс, самбо, каратэ, кунг-фу, кикбоксинг сияқты спорттың бірнеше түрі бар. Бұл сайыста қазақ сарбаздары көшпенділерге сай жекпе-жек ұрысының жоғары үлгісін көрсете білді.

Қорытындысында сарбаздарымыз 20 медаль еншілеп, жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орыннан көрінді.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: championat.com