Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан палуан Ермек Байдуашев Лондонда өтетін олимпиадаға жолдама алды. Тайванда өтіп жатқан квалификациялық турнирде бағы жанған ол енді олимпиадаға дайындалу үстінде.
Айта кетелік, турнирде Ермек 84 килограмм салмақта алдымен Тәжікстандық Салим Ходжаевпен бақ сынасты. Содан соң, словакиялық Рене Матежовты да астында қалдырды. Ширек финалда беларустық Сослан Гатциевпен күш сынасты. Бірақ бұл жолы қарсыласынан айласын асыра аламаған ол 0:3, 4:1, 0:1 есебімен жеңіліс тапты.
Бірақ Тайвандағы бұл турнирдің ерекшелігі сол - орын алған алғашқы үш спортшы да турнирге жолдама алу мүмкіндігіне ие. Осылайша жерлесіміз Ермек канадалық Джефри Адамсон мен қытайлық Регуленг Сиден бағын асырды. Осылайша, қола жүлдеге қол жеткізді. Қола медальға ие болған спортышының саны екеу болғандықтан, Ермекке жолдама үшін тағы да айқасуға тура келді. Грек Эмзариос Бентенидесемді ұтқаннан кейін, жерлесіміздің жолдамаға ие болғандығы белгілі болды.
Ермекті Массагеттіктердің атынан құттықтай отырып, Лондонда жеңіс тілейміз!
сурет: rpt.ru