Қазақстандық конькимен жүгірушілер Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан әлем Кубыгының бесінші кезеңінде командалық спринтте топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Александр Глущенко, Виктор Глущенко және Денис Кузин үштігі берілген қашықтықты 1 минут 23,48 секундта бағындырды. Үздік бестікті Германия, Ресей, Канада және Қытай қорытындылады.
Әйелдер арасындағы командалық жарыста қытайлықтар алдына жан салмады. Олар өз кезегінде Рсей мен Канададан басым түсті.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: prosportkz.kz