Қазақстандағы велоспорт. Деректер

Еліміздегі велоспорттың дамуы өз бастауын сонау 1918 жылдан алады. Бірінші ресми веложарыс 1922 жылы Қызылорда қаласында өтіп, велошабандоздарымыз 1951 жылдан бастап республикалық, 1963 жылдан бастап халықаралық аренада өнерлерін көрсете бастады. Кейін келе ірі жарыстарда да спортшыларымыз бәйгелерге қатысып, еліміздің намысын қорғаған.  Осылайша, 1963-64 жылдары Калинкин  КСРО чемпионы атағына қол жеткізсе, 1979 ж Макаров трек жарысында әлем чемпионы атанды. Еліміздегі велоспорттағы айтулы оқиғаларға тоқталып өтсек: 1980 ж. Сатыбалдиев, 1983 ж. Новолекин, 1990 ж. Тас жол бәйгесінде топтық есепте үздік атанып, алтын медальдерді қоржындарына салды. 1993 былдан бері біздің велошабандоздарымыз басқа мемлекеттердегі әріптестеріне қарағанда ең көп медальдерді еншілеп келеді. Бұған дәлел ретінде Кравченко Азия құрлығының  рекордын үш рет (1993 ж. Малайзия, 1994,1999 ж. Жапония) жаңартқанын айтуға болады. Осы чемпионатта Кравченко ерлер арасынан үздік атанып, чемпиондық атаққа қол жеткізсе, Мизуров пен Яковлев атты жігіттеріміз топтасып жарысуда тамаша өнер көрсетті.

XXVII жазғы Олимпиада ойындарында ел мақтанышы Александр Винокуров велобәйгеде күмісті қанжығасына байласа, «Тур де Франс» көпкүндік веложарыста жерлесіміз Кивилев 4 орынды қанағат тұтты. Винокуров алдыңғы жылы өткен «Тур де Франс»  көпкүндік веложарыс кезеңінің бірінде келеңсіз жағдайға тап болып, бәйгені жалғастыра алмады. Еліміздің велосипед спортының дамуына республикалық бірлестіктің төрағасы Даниял Ахметов айтарлықтай үлес қосты.

Сурет tengrinews.kz сайтынан

Форумда талқылау