Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы соңғы ойынын өткізді

Қазақстан құрамасы хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық раундының соңғы матчында Финляндия құрамасынан жеңіліп қалды.

Алғашқы жиырма минуттықта Қазақстандық голкипер Виталий Колесниктың қақпасына финдіктердің шабуылы жиі әрі қарқынды болды. Жерлестеріміз өздерінің адам санындағы басымдылықтарын оңтайлы пайдалана алмады. Шабуылға да көп шыға алмады. Осылайша бірінші периодта есеп ашылған жоқ.

Екінші жиырма минуттықта Колесник Иосси Йокиненнің қарқынына төтеп бере алмай, бірінші шайбаны жіберіп алды. Бұдан кейін Қазақстан командасының ереже бұзуы күрт жиілеп кетті. Жерлестеріміздің арасынан бір ойыншы алаңнан қуылғаннан кейін Микко Мяэнпяя қазақстандықтарды тағы да қапыда қалдырды. Ысқырыққа санаулы минуттар қалғанда, Андрей Шаяниннің шәкірттері қақпаға ие бола алмай, үшінші шайбаны жіберіп алды.

Соңғы периодта Валттери финдік жанкүйерлерді тағы бір голмен қуантты. Оған жауап ретінде Константин Пушкарев Қазақстан құрамасы тарапынан салынған жалғыз голдың авторы атанып, есеп айырмасын сәл де болса қысқартты. Қорытынды есеп финдіктердің пайдасына 4:1 болып аяқталды.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы чемпионаттағы барлық матчтарда жеңіліс тауып, топта соңғы орында тұр. Енді регламенке сәйкес, құрамамыз келесі маусымда үздік дивизионда өнер көрсетпейтін болды.

сурет: sport-express.ua