- Негізгі бет
- Маккала
- Қазақстан құрамасы ФИФА...
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жеті саты жоғарылады
ФИФА жаңартылған рейтингінде Қазақстан Ұлттық құрамасы жеті саты жоғарылады.
Өткен айдың қорытындысы бойынша біздің құрама 147 сатыда орналасқан болатын. Қараша айының жаңа рейтингісі бойынша Мирослав Беранек баптайтын Ұлттық құрамамыз 140 сатыға дайін жоғарылады.
Ал турнирлік кестенің бірінші орнында - Испания құрамасы. Екінші сатыда - Германия. Үшінші сатыға Аргентина құрамасы көтерілді. Енді ФИФА-ның жаңа рейтингі 19 желтоқсан күні жылды қорытындылап шығатын болады.
ФИФА рейтингі (7 қараша):
1 (1). Испания — 1564
2 (2). Германия — 1421
3 (4). Аргентина — 1349
4 (3). Португалия — 1178
5 (8). Италия — 1169
6 (5). Англия — 1167
7 (6). Нидерланды — 1128
8 (9). Колумбия — 1110
9 (12). Ресей — 1084
10 (11). Хорватия — 1078
55 (42). Украина — 575
65 (65). Грузия — 499
69 (70). Өзбекстан — 490
74 (87). Беларусь — 478
82 (64). Армения — 444
84 (69). Эстония — 430
108 (118). Латвия — 322
119 (110), Литва — 296
123 (111). Әзірбайжан — 277
129 (125). Түркіменстан — 254
132 (145). Молдова — 241
137 (136). Тәжікстан — 225
140 (147). Қазақстан — 200
200 (198). Қырғызстан — 20.
Бірінші лиганың лауреаттары анықталды
Бірінші лига клубтары бас бапкерлерінің арасында сауалнама жүргізген Ұлттық футбол лигасы өткен маусымның үздіктерін анықтады.
Нәтижесінде бірінші лиганың өткен маусымындағы үздік ойыншысы болып "Екібастұз" футбол клубының 20 жасар шабуылшысы Қуаныш Бегалин танылды. Сондай-ақ, еншісіне 22 голды жазған Қуаныш біріншіліктің үздік сұрмергені болып табылады. Бұдан бөлек, "Ең үздік жас ойыншы" номинациясы да осы ойыншыға бұйырды. "Ең үздік" легионер атағы "Востоктың" украиналық жартылай қорғаушысы Александр Згураға бұйырса, "Ең үздік жаттықтырушы" номинациясын "Іле-Сәулет" клубын жеңіске жетелеген Андрей Ферапонтов иеленді.
Сондай-ақ, бас бапкерлерден алынған сауалнаманың нәтижесі бойынша, бірінші лиганың үздік 22 ойыншысы анықталды. (Футболшының тегінен кейін клубы, жасы, 2012 жылы бірінші лигада өткізген ойыны мен голдар саны көрсетілген).
Бірінші лиганың 2012 жылғы үздік 22 ойыншысының тізімі:
Қақпашылар:
1. Жоао Гильерме (Бразилия), «Бәйтерек», 20 жас, 30 ойын
2. Игорь Шацкий, «Астана-1964», 23 жас, 30 ойын
Оң қапталдағы қорғаушылар:
1. Әлібек Сәкенов, «Спартак», 21 жас, 27 ойын, 1 гол
2. Игорь Буряк (Украина), «Восток», 29 жас, 26 ойын, 1 гол
Сол қапталдағы қорғаушылар:
1. Максим Забелин, «Восток», 35 жас, 29 ойын, 2 гол
2. Алмас Есжанов, «Іле-Сәулет», 27 жас, 30 ойын, 1 гол
Орталық қорғаушылар (оң жақ)
1. Арман Бірқұрманов, «Іле-Сәулет», 30 жас, 29 ойын
2. Драмане Коне (Кот-д’Ивуар), «Астана-1964», 23 жас, 26 ойын, 1 гол
Орталық қорғаушылар (сол жақ)
1. Евгений Азаматов, «Бәйтерек», 22 года, 28 ойын, 6 гол
2. Максим Зуев, «Восток», 29 жас, 29 ойын, 3 гол
Орталық жартылай қорғаушылар:
1. Ерлен Бекмұхаев, «Іле-Сәулет», 27 жас, 28 ойын, 8 гол
2. Жандос Оразалиев, «Іле-Сәулет», 27 жас, 25 ойын, 9 гол
Оң қапталдағы жартылай қорғаушылар:
1. Азат Ерсәлімов, «Спартак», 24 жас, 28 ойын, 6 гол
2. Рафаэль Оразбахтин, «Восток», 33 года, 26 ойын, 8 гол
Сол қапталдағы жартылай қорғаушылар:
1. Еркін Нұржанов, «Іле-Сәулет», 25 жас, 26 ойын, 1 гол
2. Фёдор Симиниди, «Каспий», 27 жас, 26 ойын, 6 гол
Алғы шептегі жартылай қорғаушылар:
1. Александр Згура (Украина), «Восток», 27 жас, 29 ойын, 12 гол
2. Санат Жұмаханов, «Қыран», 24 жас, 27 ойын, 18 гол
Шабуылшылар (оң жақ):
1. Қуаныш Бегалин, «Екібастұз», 20 жас, 30 ойын, 22 гол
2. Павел Пурышкин (Өзбекстан), «Ақ Бұлак», 24 жас, 28 ойын, 12 гол
Шабуылшылар (сол жақ):
1. Руслан Мансұров, «Қайрат-Академия», 21 жас, 30 ойын, 19 гол
2. Гейсар Алекперзаде, «Восток»/«Астана-1964», 27 жас, 30 ойын, 12 гол
Маусымның үздік ойыншысы: Қуаныш Бегалин, «Екібастұз»
Ең үздік жас ойыншы (1992 жылға дейін): Қуаныш Бегалин, «Екібастұз»
Үздік легионер: Александр Згура (Украина), «Восток»
Үздік жаттықтырушы: Андрей Ферапонтов, «Іле-Сәулет»
Финалда "Ертіс" пен "Астана" айқасады
2012 жылғы Қазақстан кубогының финалында "Ертіс" пен "Астана" кездеседі.
Премьер-лиганың күміс жүлдегері "Ертіс" пен 2010 жылғы ел кубогының иегері "Астана" Қазақстан кубогының биылғы финалында кездеспек.
Түзде "Ақтөбеден" 1:3 есебімен ұтылып қалғандарына қарамастан, керекуліктер өз алаңындағы ірі жеңістерінің арқасында финалға шықты. Ал Қарағандыда өткен бірінші кездесуде "Шахтерден" 1:2 есебімен жеңілген "Астана" өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Финал 11 қарашада елорданың "Астана-Арена" стадионында өтеді.
«Астана» — «Шахтер» 2:0 (1:0)
Голдар: Рожков 40 (1:0), Кетевоама 56 (2:0)
Бірінші ойын - 1:2.
«Ақтөбе» — «Ертіс» 3:1 (1:0)
Голдар: Примус 19 (1:0), Гейнрих 61 (2:0), Байер 79 (3:0), Юрин 81 (3:1)
Бірінші ойын - 0:5.
Дайындаған: Болат ҚОСМАҒАНБЕТ, Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: vesti.kz
Ю. НИКУЛЛИН