Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) жариялаған рейтинггіден соң Қазақстан құрамасы алдына Таити, Жаңа Каледония елдерін салып, 147-орынға тұрақтап, алты сатыға төменге ығысқандығы белгілі болды.
Тізімнің басында Еуропа чемпионатында көшбасшы атанған Испания тұр. Екінші орында Германия, рейтінгінің үшінші сатысында Уругвай құрамасы орын тепкен. Еуро-2012-нің финалисі Италия бірден алты сатыға көтерілді (12 - 6). Жартылай финалда болашақ чемпионнан пенальти сериясында жеңіліс тапқан Португалия құрамасы 10-шы орыннан 5-ші сатыға көтерілді.
Көрші Ресей құрамасы бұрынғы 13-ші орнын сақтап қалыпты. Үлкен өзгеріс көрсеткен Чехия болды. Құрама тізімнің 18-ші сатысынан көрінді. Алдыңғы рейтингте футболшылар 27-орынға табан тіреген болатын.
Алғашқы ондықтан 11-орынға тұрақтаған Бразидия құрамасы шығып қалды. Бразилдіктер маусым айында 5-орында тұрған болатын.
ФИФА рейтингісі 8 тамыз күні жаңаратын болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: conflictoflaws.net