- Негізгі бет
- Маккала
- Қазақ хоккейінің тарихы...
Қазақ хоккейінің тарихы (1 бөлім)
1956-1964 ж.
Қазақ хоккейінің дамуы 50-ші жылдардың ортасында басталған. Жаңа ойынның пионерлері ретінде: Алма-ата, Өскемен, Петропавл, Орал қалаларында құрылған командалар танылды. «Канадалық хоккейдің» алғашқы ресми ойыны 1956 жылдың қаңтарында өткізілген. Қазақ хоккейінің дамуына 1957 жылы Алматыда Қаз ССР ішінде өткізілген, алғашқы хоккей чемпионаты үлкен ықпал еткен. Бұл жарыста алты команда өнер көрсеткен болатын, атап айтқанда: СКИФ, «Кайрат», «Динамо», «Спартак» (барлығы - Алма-Ата), «Торпедо» (Өскемен) және де «Локомотив» (Петропавл). ҚазССР тарихындағы алғашқы ойын 1957 жылдың 12 қаңтарында өтіп, мұз айдынында «Спартак» пен «Динамо» командалары өнер көрсеткен. Қаз ССР тарихында хоккейден алғаш рет өткізілген чемпионаттың жеңімпазы болып, «Спартак» командасы атанды. Осылайша, қазақ хоккейінің тарихы басталған. Қаз ССР-дың алғашқы чемпионы болып СКИФ командасы атанды. Келесі чемпионаттардың барлығында (тіпті 1964 жылға дейін) Өскемен қаласының Торпедо құрамасы топ жарған болатын. Осының салдарынан Алтай өңірінің жасақтары, республика атынан КСРО-да өткізілген чемпионаттарда өнер көрсетіп, қазақтың атын бүкіл Кеңес Одағына танытқан. КазССР байрағының астында өнер көрсетіп жүрген Торпедо командасы, 1958 жылы Таллинде өткізілген одақтас республикалар турнирінде керемет ойын көрсетіп, келесі жылы қазақ хоккейінің саңлақтары Минск пен Тагилде өткен турнирде керемет шеберлік танытқан. Келесі кезеңде 1959-60 жылдары «Торпедо» командасы РСФСР-дың «Б» санатының сібір зонасындағы бүкілодақтық біріншілікте алғашқы ойнын өткізген. Бірте-бірте хоккей ойыны қазақ жерінің бүкіл аумағына таралды. 1958 жылы Гурьевте, 1959 жылы Ақмолада хоккей командалары құрылған. Келесі жылдары хоккей ойыны: Ақтөбе, Павлодар, Балхаш, Қарағанды, Көкшетау, Теміртау, Семей, Орал қалаларында қарқынды түрде дамыды. Хоккей ойыны 1962 жылы Қаз ССР-дың 2-ші қысқы спартакиадасында халыққа ұсынылып, көп ұзамай көрермендердің сүйікті спорт түріне айналған. Сол жылы ҚазССР құрамасы Свердловск қаласында өткізілген 1-ші қысқы КСРО халық спартакиадасында жақсы ойын көрсетіп, 5 орынды еншіледі.
1964-1975
1964-65 жылдары «Торпедо» командасының КСРО біріншілігінің «А» санатына енуі, қазақ хоккейі дамуындағы жаңа кезең еді. Алғашқы ойын 1964-65 жылдардың кезеңінде өткен. Сол кездегі біліктілігі мол, КСРО құрамындағы әлем чемпионы, спорт шебері атақтарын еншілеген Юрий Николаевич Баулин деген бапкердің зор еңбегін атап өткен жөн. Оның басқаруымен «Торпедо» командасы 1967-68 жылғы кезеңде «А» санатындағы бірінші топ командалар арасында күміс медальға қол жеткізген. Ұзақ уақыт бойы бұл көрсеткіш шеберлер арасында үздік деп танылып, казақ атын бүкіл Кеңес одағына асқақтатқан болатын. 1967 жылдың 17 желтоқсанында Қарағанды қаласында 5000 орынды "Строитель" атты стадион бой көтерген. 1968 жылдың 1 қыркүйегінде өскемендіктер өз тарихында алғаш рет шетелдік командамен таяқ түйістірген. «Советский спорт» газетінің бастамасымен ұйымдастырылған зона аралық турнирде біздің команда 11:2 есебімен ЦСКА-ны тізе бүктірген. Бұл кездесу қазақ хоккейі тарихындағы алғашқы халықаралық матч болып есептелінеді. 1969 жылы Өскеменде бой көтерген 5200 орынды спорт сарайы, жанкүйерлерге өз есіктерін ашқан. 1971-72 жылғы кезеңде Қарағандылық «Строитель» хоккей командасы КСРО біріншілігінің екінші лигасында алғашқы ойнын өткізген болатын. 1969 жылы Стокгольмде өткен Әлем чемпионатында КСРО құрамасында өнер көрсетіп жүрген Евгений Поладьев Әлем және Еуропа чемпионы атағын иемденген алғашқы хоккей жұлдызы атанды. 1969 жылы Мәскеудің «Спартак» құрамасында ойнап жүріп, КСРО чемпионы атағын еншілеген қазақ хоккейінің алғашқы түлегі еді. Виктор Зингер, Борис Михайлов, Александр Мальцев, Александр Рагулин, Владислав Третьяк, Анатолий Фирсов, Валерий Харламов, Александр Якушев деген саңлақтар тобында өнер көрсеткен Евгений, үш мәрте Әлем және Еуропа чемпионы атағын еншілеген. Ал 1972 жылдың қыркүйегінде Поладьев әлемдік хоккей тарихындағы маңызы аса зор кездесуге қатысқан. Бұл КСРО мен Канада мемлекеттер арасында ұйымдастырылған ойындар супер сериясында, біздің спортшылар мұхиттың арғы бетіндегі әріптестермен алғаш рет таяқ түйістірді.
1976-86
1976 жылы КСРО құрамында тер төккен Александров Борис Инсбрук қаласында өткен жарысқа қатысып, олимпиада медаліне қол жеткізгені казақ хоккейі тарихындағы айтулы оқиға. 1976 жылдың күзінде Борис Канада Кубогы кездесулерінде КСРО құрамында өнер көрсетіп, керемет шеберлік танытқан. 1976 жылдың көктемінде Өскеменде өткен жастар арасында өткізілген ақтық сында «Торпедо» (Өскемен) командасы Мәскеулік әріптестерінен жеңіліп, екінші орынды еншілеген. 1979 жылы Өскемендік «Торпедо» жастар құрамасы КСРО чемпионатында алтын медальдерді коржындарына салды. Өскемендік жастар құрамасы кеңес аумағында ұйымдастырылған жарыстарда үздік ойын көрсетіп, команданың үздік түлектері жоғарғы лигада тер төгумен қатар, КСРО-ның түрлі құрамаларында шеберлік танытатын. Мысалға алсақ, Виктор Шкурдюков 1978 жылы Канада елінде өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында чемпион деген атаққа қол жеткізген. Екі жылдан кейін мұндай атақты Михаил Панин мен Алексей Бевс алады. Қазақ хоккейшілері осындай дәрежеге жеткенімен, өскемендік «Торпедо» екінші лигаға төмен түскен. Аянбай еңбек еткен команда екі жылдан кейін бірінші лигадағы өз орнын қайта қайтарып алады. 1981 жылдың көктемінде «Торпедо» алты мықты командалар арасында өнер көрсетіп, жоғарғы лигаға өтудің өтпелі турнирінде мықтылармен жарысқан. 1980 жылы Алматылық «Еңбек» қайта жанданып, екінші Лигада өз ойындарын өткізді. 1981-82 жылғы кезеңде «А» санатындағы қазақстандық алты команда КСРО чемпионатына қатысқан, атап кетсек: «Торпедо» (Өскемен) - бірінші лига, «Еңбек» (Алматы), «Автомобилист» (Қарағанды), «Строитель» (Теміртау), «Металлист» (Петропавл), «Горняк» (Рудный) - екінші лига. Бұл кезеңде екінші лигада ойнап жүрген «Еңбек» командасы бәрінен басымдылық танытып, турнир жеңімпазы атанып қана қоймай, бірінші лигаға өтіп, саңлақтармен сынға түскен.
1983 жылдың көктемінде Осло қаласында өткен Еуропа чемпионатында үздік ойыншы ретінде, «Устинка» командасының түлегі Алексей Грищенко танылды. КСРО-ның спорт шебері, олимпиада чемпионы Борис Александровтың отанына оралуы, казақ хоккейінің дамуына үлкен ықпал еткен. Александров-Кузнецов дуэті әрбір кезеңде бәсекелестердің қақпаларына кем дегенде 100 шайба кіргізіп, кақпашылардың басты жауына айналған. «Торпедо» (Өскемен) командасы бірінші лиганың бетке ұстарына айналып, түрлі кездесулерде үздік ойын көрсететін. Команда жоғарғы лигаға өту бағытын ұстанған.
Суреттер fanatic.kz almaty-hockey.kz сайттарынан