Қазақ футболының дамуына екі кедергі...

Қазақ футболының дамуына екі кедергі...

Қазақстан Республикасының президентінің кеңесшісі, Қазақстаның футбол федерациясының мүшесі Ермұхаммед Ертісбаевтың ойынша, қазақстандық футболшылардың жақсы ойнауына бірінші кедергі толыққанды тамақтанбау мен ауа-райы екен. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" хабарлап отыр.

«Қазақстандық футболдың дамуына кері әсер ететін екі фактор бар: біріншіден, жеті ай ғана ойнауға мүмкіндік беретін ауа-райы, екіншіден, қазақстандықтардың толыққанды тамақтанбауы. Мәселен, еуропалықтар мен оңтүстік америкалықтармен салыстырғанда, қазақстандықтар жеген тамақтың құрамында кальций, магний, темір секілді дәрумендер аз. Барлық физикалық күш-белсенділік жағынан орта статистикалық тұрғыдан алғанда қазақстандық футболшы еуропалықтан әлсіз болып саналады» - деді.

Кеңесшінің ойынша, аталған кедергілер ресейлік ойыншылардың да дайындалуына әсер етеді. Басты себеп ретінде жақында ғана біткен Еуро-2012 турнирінің топтық кезеңінен өте алмаған Ресей құрамасының гректер мен поляктарға қарағанда физикалық тұрғыдан әлсіз ойын көрсеткенін айта кетті...

Сонымен қатар, соңғы бес жылда қазақ футболының жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын ауызға алды. Оның басты дәлелі ретінде «Ақтөбе», «Ордабасы» секілді командаларды атап көрсетті.

Сурет:zonakl.netz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига