"Қайраттың" тізгінін Какау ұстамақ

Шағын футболдан алматылық "Қайрат" клубының бас бапкерлігіне бразилиялық Какау келді. 

Естеріңізде болса, "Қайрат" командасының бұрынғы жаттықтырушысы Жоао Барбоза ресейлік «Сибиряк» командасына қызмет атқарып кеткен болатын. Одан кейін аралықта «Қайрат» шағын футбол командасына Парагвай командасының бұрынғы бапкері  Маркао шақыртылмақ болған.

Какау соңғы уақыттарда Чехияда жұмыс атқарып келді. Аталған елдің Хрудим қаласына қарасты "Эра-Пак" командасына тәлімгерлік етіп келген болатын. Бәрін айт та, бірін айт, жаңа бапкерді тағайындау рәсімі жақын апталардың бірінде болып өтпек.

Айта кетер болсақ, қазіргі уақытта Какау бапкер Алматыға келіп үлгерген. Және қол астына қараған командамен ішкі біріншіліктің 13-турын өткізіп жатқан көрінеді.

сурет:sports.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек