Бүгінгі таңдағы кәсіпқой бокс – бірінші кезекте, спорттан бұрын бизнеске жақынырақ десек, артық айтпайтын шығармыз. Бұл шаршы алаңда шайқасқандар әуесқой кездесулерге қатыстырылмаса, керісінше әуесқой боксшылар кәсіби рингте жұдырықтаса алмайды.
Кәсіби кездесулерде ешқашан қорғаныш шлемдері қолданылмайды, ал раундтар саны оның деңгейіне қарай 10-нан 12-ге дейінгі аралықта жалғасады. Сондықтан да ол ең қауіпті спорттар қатарынан саналады. Бокстың бұл түрінің тағы бір ерекшелігі – ол қазіргі таңдағы әлем чемпиондары санының көптігімен мақтана алады. Ал барлығы 17 салмақ дәрежесінде төрт бірдей ұйымның чемпиондық белбеулері бар:
Салмағы келімен, (фунтта)
Салмақ дәрежесінің аталуы
WBC
WBA
IBF
WBO
90,892 келіден жоғары (200)
Ауыр салмақ
Heavyweight
Heavyweight
Heavyweight
Heavyweight
90,892 келіге дейін (200)
Бірінші ауыр салмақ
Cruiserweight
Cruiserweight
Cruiserweight
Junior heavyweight
79,378 келіге дейін (175)
Жартылай ауыр салмақ
Light heavyweight
Light heavyweight
Light heavyweight
Light heavyweight
76,203 келіге дейін (168)
Екінші орта салмақ
Super middleweight
Super middleweight
Super middleweight
Super middleweight
72,574 келіге дейін (160)
Орта салмақ
Middleweight
Middleweight
Middleweight
Middleweight
69,85 келіге дейін (154)
Бірінші орта салмақ
Super welterweight
Super welterweight
Junior middleweight
Junior middleweight
66,678 келіге дейін (147)
Жартылай орта салмақ
Welterweight
Welterweight
Welterweight
Welterweight
63,503 келіге дейін (140)
Бірінші орта салмақ
Super lightweight
Super lightweight
Junior welterweight
Junior welterweight
61,235 келіге дейін (135)
Жеңіл салмақ
Lightweight
Lightweight
Lightweight
Lightweight
58,967 келіге дейін (130)
Екінші жартылай жеңіл салмақ
Super featherweight
Super featherweight
Junior lightweight
Junior lightweight
57,153 келіге дейін (126)
Жартылай жеңіл салмақ
Featherweight
Featherweight
Featherweight
Featherweight
55,225 келіге дейін (122)
Екінші жеңілірек салмақ
Super bantamweight
Super bantamweight
Junior featherweight
Junior featherweight
53,525 келіге дейін (118)
Жеңілірек салмақ
Bantamweight
Bantamweight
Bantamweight
Bantamweight
52,163 келіге дейін (115)
Екінші аса жеңіл салмақ
Super flyweight
Super flyweight
Junior bantamweight
Junior bantamweight
50,802 келіге дейін (112)
Аса жеңіл салмақ
Flyweight
Flyweight
Flyweight
Flyweight
48,988 келіге дейін (108)
Бірінші аса жеңіл салмақ
Light flyweight
Light flyweight
Junior flyweight
Junior flyweight
47,627 келіге дейін (105)
Минималды салмақ
Strawweight
Minimumweight
Mini flyweight
Mini flyweight
WBA – Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы;
WBC – Бүкіләлемдік бокс кеңесі;
IBF – Халықаралық бокс федерациясы;
WBO – Бүкіләлемдік бокс ұйымы.
Егер боксшы аталған ұйымдардың ішінен кез-келгенінің үшеуі бойынша алтын белбеуді иеленер болса, ол абсолютті чемпион деп аталады. Сонымен, осы тұжырымдардың (ұйымдардың) әрқайсысына толығырақ тоқталайық:
WBA – бүкіләлемдік бокс қауымдастығы. 1921 жылы негізін қалаған ұйым. Бастапқыда Ұлттық бокс қауымдастығы (NBA) деп аталды.
WBA белбеуі – қазіргі таңдағы белбеулердің ішіндегі ең көнесі саналады. Ол таза қара теріден жасалып, ортасына WBA логотипі бар медальон орналасқан. Алтынмен апталған жазудың айналасында ақ және қызыл бағалы тастар топтастырылған. Белбеудің қапталында дөңгелек металл пластиналар да орналастарылған. Кезінде дәл осы белбеуді Мұхаммед Әли, Джордж Форман, Джо Фрейзер, Эвандер Холифилд және Майк Тайсон сияқты атақты боксшылар мақтанышпен беліне тақты. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің беліндегі қос белбеудің бірі де осы ұйымға тиесілі.
WBC - 1963 жылы Мексикада дүниеге келген бокс ұйымы. WBC ұйымының бокстағы жетістіктері ретінде бұл спорт түрінің мейлінше қауіпсіз болуына сіңірген еңбегін айтсақ болады. Бұл ережелер әлі күнге дейін бокста қолданылып келеді. Ол бойынша салмақ дәрежелерінің саны артып, соның арқасында қарсыластар тек өзіне ғана сай келетін спортшымен жұдырық түйістіруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, бұрынғы 15 раундтық жекпе-жекті 12-ге дейін қысқартты (чемпиондық кездесулерде). Рейтинг көтеру кездесулерінде ол 10 раундты құрайды.
WBC белбеуі – чемпиондық белбеулердің ішіндегі ең әдемісі саналады. Ол өзі тарихында безендірілуі жағынан бес мәрте өзгеріске ұшырады. Енді ол тек қошқыл жасыл теріден жасалынады. Ортасында таза алтыннан құйылған ресми медальоны бар. Оның айналасына WBC құрамына кіретін елдердің тулары орналасқан. Одан бөлек, дизайнерлер белбеудің екі жағына Мұхаммед Әли мен Джо Луистің фотолары тігілген.
IBF - 1976 жылы АҚШ-та негізі қаланған халықаралық ұйым. Бастапқыда Америка Құрама Штаттарының Бокс Қауымдастығы деп аталды. 1983 жылы АҚШБҚ халықаралық деңгейге көтеріліп, ал 1984 жылы атауы Халықаралық Бокс Федерациясы (IBF) болып өзгереді.
IBF белбеуі - WBO нұсқасына қатты ұқсайды. Оны тек қана қызыл теріден жасап, таза алтыннан құйылған медальон үстіне екі жарты шар үстіне қонған қыран бейнесі жапсырылады.
WBO - 1988 жылы негізі қаланған ең жас ұйым саналады.
WBO белбеуі - қоңыр түсті табиғи теріден жасалады. Ортасында барлық ұйымдардың чемпиондық белбеулеріндегі сияқты алтыннан жасалған жер шары бейнеленген медальон орналасқан. Ал ішінде бокс рингі бейнеленсе, оны айнала «World Champion» («Әлем чемпионы») жазуы басылған.
Сондай-ақ әлемдік кәсіпқой боксқа кешірек болса да қосылып, дегенмен негізгі төрт белбеудің деңгейіне жете қоймаса да, бұл аренада өзіндік салмағы бар халықаралық ұйым саналатын IBO (Халықаралық бокс ұйымы) айтсақ болады.
IBO белбеуі - жасыл түсті теріден жасалып, WBO ұйымының белбеуіне ұқсайды. Ерекшелігі - ринг орнына, боксшының былғары қолғабы орналасқан. Алтын белбеуде қыранның бейнесі көрсетілмеген.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: 4.bp.blogspot.com, allboxing.ru