Әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа өтіп, мұхиттың арғы жағында еліміздің намысын қорғап жүрген отандасымыз Қанат Ислам келесі кездесуін Құрама штаттарда өткізетін болды.
2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған Қанат 2012 жылдың басынан бері кәсіпқой бокстың рингінде атой салып жүр. Жерлесіміз осы уақытқа дейін мұхиттың арғы жағында сегіз кездесу өткізіп, барлығын да нокаутпен жеңген. Бірақ ол осы уақытқа дейін Доминикан Республикасы, Венесуэла және тағы басқа елдерде жұдырықтасып жүрді. Бірақ АҚШ-та емес.
Енді Қанаттың промоутері Нельсон Лопестің айтуынша, отандасымыз келесі кездесуін Құрама штаттарда өткізеді екен. Жекпе-жек 2013 жылдың 6 сәуіріне жоспарланған. Лопестің пайымдауынша, «Miami Jai Alai Fronton» атты аренада өтетін бокс кешіне Исламның жекпе-жегі нүкте қояды екен.
Дегенмен, 6 сәуір күні Қанаттың қарсыласы кім болатыны әлі де болса анықталған жоқ.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz