Жозе Моуриньо: "Пепе мені сатып кетті"

Жозе Моуриньо: "Пепе мені сатып кетті"

"Реалдың" бұрынғы бапкері Жозе Моуриньо өзін Пепенің не үшін сатып кеткенін білмейтіндігін айтып, кешегі күні мәслихат төрінде біршама жайтты ақтарып салған. Бұл туралы Marca хабарлайды. 

Португалдық маманның сөзіне сенсек, әрдайым, әр уақытта Пепені қолдап отырған көрінеді. Ал енді келіп өзін сатып кеткенге ұқсайды. 

Жозе Моуриньо, "Челси" командасының бас бапкері:

- Пепенің мені не үшін сатып кеткендігін түсінбедім. Мен әр жолы Пепені қолдап отырғанмын. Көпшілігі Пепені "Реал" сапынан көргілері келмейтіндіктерін айтып, шағым жасап жатқанда, мен әр жолы оның жақсы ойыншы екендігін айтып, комадада алып қалған болатынмын. Кейіндеу келе ол жарақат алып қалды. Орнына Рафаэль Варан келіп, сәтті ойнап кете алды. 

Меніңше, осы тұста ол санасқысы келмеген... Мұндай ойыншылар "Реалға" қажет-ақ. Пепе әлі де командаға пайда келтіретін алатын ойыншы. 

Моуриньоның "Реалдан" кетуінің басты себебі анықталды...

Жозе Моуриньоның мәлімдеуінше, испандық журналистер оған қарсы соғыс ашқанға ұқсайды. Және осы бір себептің салдарынан "корольдік" клубпен қоштасуына тура келген. 

"Журналистер маған ашық айқас жариялады. Ақырында олар өз дегендеріне жетті, мен төзіміділік танытудың орнына, арандатушылыққа ұрындым. Содан кейін жанкүйерлер арасында маған өкпе-реніш пайда бола бастады, кейіндеу келе команда ойыншыларына ұласты" - дейді. 

Естеріңізге сала отырсақ, португалдық маман "Реалмен" арадағы келісімді бұзып, Лондонға қайта оралған болатын.

Cурет:sport.news.am

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига