Жаттығу залына барып жүрген жаңа заманның тұрғындары төмендегі бірнеше қателіктерге ұрынуда:
* * *
1) Диета. Егер артық келіден, артық салмақтан арылғыңыз келсе, тамақтануды шектеген дұрыс. Бірақ, бұл күніне бір ғана салаттан дәм тату деген сөз емес. Тамақтану дұрыс жолға реттеліп қойылмаған болса, күндердің бір күні құр сүлдеріңіз қалып, спорт залына жете алмай қалуыңыз да мүмкін. Ағза сол уақытта (тамақтану дұрыс жолға қойылмаса) барлығын қорға жинай бастайды.
Әр күнгі тамақтанудың нәрлі құрамын, пайдалы бөліктерін есептеп отырыңыз.
2) Жаттағу жасауда жаттықтырушымен кеңесу. Жаттықтырушы қай уақытта қай жаттығу түрін жасау керектігін өзі ескертіп, кезек тәртібімен айтып береді. Бұл тұста физикалық күш-қуатыңыз ескеріледі.
Көпшілік жағдайда көп адамдар бірден ауырға ұмтылып, сондағы ойы, неғұрлым ауыр көтерсем, соғұрлым тез шынығамын деп ойлайды. Замандық ғылым дәлелдегендей, бәрі керісінше орын алуы мүмкін. Бір ғана мысал, көріп жүрген көп батырларыңыздың бірі (спорттан хабары болса) денесін аз салмақтағы темірлерді көтерумен шығарған...
3) Ауыртпалық. Жаттығу залына кіре салысымен бірден кір тасын көтеріп, темір-терсектерді жұлқып-жұлқып, артынша душқа кіріп кететіндер бар. Сол уақытта сол адамның бұлшықеті, буындары, оянып үлгерген жоқ па деген сұрақ қойылады.
Ережеге сүйсенсек, алдымен 10-15 минут жүгіріп, денені қыздырып алған дұрыс. Сосын 5 минут денені әркелі икемге келтіріп, буындарды түзеу қажет.
4) Соңғы демге дейін. Ауыртпалыққа толы жаттығуларды әр күні жасап тұру зиянды. Ертелік-кеш ағза күйреуге ұшырауы мүмкін. Үзілістегі демалыс уақытының ұзарып кетуі мұның көрінісі болып табылуы мүмкін.
Аптасына бірнеше күн демалыс алыңыз, бір-екі күн қатарынан жаттығыңыз да, үшінші күн демалыңыз. Дененіңіз сол уақытта қайта қалпына келіп, күш-қуат толыса түспек. Ағзаны жақсы көріп, бағалаған ләзім.
5) Жатттығудың бір түрімен айналыса беру. Егер сіздің мақсатыңыз арықтау болса, артық іс-қимылсыз да салмақ тастауға болады. Қалай ойлайсыз, сізге мүмкін үйде жүріп те жаттығу жасай берген дұрыс шығар. Ең бастысы, жүгіруді ұмытып кетпесеңіз болғаны.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: lvportals.lv