- Негізгі бет
- Маккала
- Жас самбошылар әлем...
Жас самбошылар әлем чемпионатынан оралды
Қазақстандық самбошылар Болгария астанасы Софияда аяқталған жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан олжалы оралды.
Жиыны 4 алтын, 7 күміс 11 қола медаль ұтып алған жеткіншектер жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Қазақстандық балуандардың алдында тек Ресейлік самбошылар ғана тұр. Дінмұхамед Серіков пен Никита Азаров алтын медальға қол созды. Бұрымды балуандар белдесуінде Гауһар Тұрмаханова топ жарды. Бас жүлдеге ие болғандардың бірі Динара Ысқақова. Астаналық спортшы Қазақ қыздары арасында тұңғыш рет әлемнің екі дүркін жеңімпазы атанды.
Динара ЫСҚАҚОВА, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы:
- Күрескен кезде ұтуға тырыстым, өйткені бүкіл бапкерлер маған үміт артып алып барды. Маған бәрі қарап отырды. Бірінші орын алуым керек қалайда деп, бар күшімді салдым.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: i-news.kz
Ю. НИКУЛЛИН