Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдумәлік Әлем чемпионатында алғаш рет жеңіліс тапты.
Жансая сегізінші турда үндістандық Вайшалидан ұтылып қалды. Осылайша жерлесіміздің қарсыласы жеті ұпайға ие болып, қытайлық Юань Емен бірге көшбасшылықты бөлісіп тұр. Сонымен қатар 6,5 ұпайға ие болып отырған Жансаяны құрамадағы әріптесі Арнаш Бауыржан қуып жетті.
Бүгін, яғни, 16 қарашада, тоғызыншы турдың аясында Әбдумілік қытайлық Юань Емен бақ сынасады. Бауыржан болса Вайшалиге қарсы ойнайды.
16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы категорияда өнер көрсетін жатқан Динара Сәдуақасова әлі көшбасшылар тобында тұр. 6 ұпайға ие ол қытайлық Сяо И (7,5 очка) мен ресейлік Анна Стяжкинадан (7ұпай) кейінгі орында. Динара бүгін ресейлік Алина Бивольмен бақ сынасатын болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: ©Владимир Дмитриев