Назарларыңызға әлемдегі ең үлкен әрі жанкүйерлер ең көп жиналатын стидиондарды ұсынамыз...
* * *
1. Сангам Сэдиум
Орташа есеппен көрермендер саны: 51 606
Кореяның Сеул қаласында орналасқан стадион 2002 жылы өткен Әлем чемпионатына арнайы салынған. Сангам стадионында Әлем біріншілігінің 3 кездесуі өткен. Бұл стадионда жергілікті "Сеул" футбол командасы өнер көрсетеді.
2. Имтех Арена
Орташа есеппен көрермендер саны: 54 185
Бұл стадионның тарихи аты – "Фолькспаркштадион". Истех Арена бес жұлдызды стадиондардың бірі. Өткен жылы Еуропа Лигасының финалдық кездесуін қабылдаған. "Гамбург" футбол клубы өз алаңдарындағы ойындарын осы стадионда өткізеді.
3. Джузеппе Меацца
Орташа есеппен көрермендер саны: 59 018
Бұл – Милан қаласындағы қос бірдей алып "Интер" және "Милан" командасының стадионы. Сондықтан да қос миландық команда бірдей кездесулерін өз алаңдарында өткізбейді.
4. Эмирейтс
Орташа есеппен көрермендер саны: 60 018
Ағылшындық "Арсенал" командасның су жаңа стадионы. Негізі бұл стадионның құрылысы тоқсаныншы жылдардан бастап салыну керек болатын. Бірақ, түрлі себептерге байланысты құрылыс 2005 жылы бітіп, команда сол кезден бастап, "Эмирейтс" стадионында өнер көрсетіп келеді.
5. Фелтинс Арена
Орташа есеппен көрермендер саны: 61 364
"Шальке" командасының стадионы. Соңғы екі жылда бұл стадионның төбесі екі мәрте құлаған. Дегенмен, жанкүйерлер әр ойын сайын командасын қолдауға келеді. Мәселен, "Шальке" командасының соңғы ойынында бұл стадионға 77803 адам жиналған.
6. Альянц Арена
Орташа есеппен көрермендер саны: 69 000
"Бавария" және "Мюнхен-1860" командасының стадионы.
7. Сантьяго Бернабеу
Орташа есеппен көрермендер саны: 71 533
Бұл стадионның құрылысы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде басталған. 1954 жылы стадионның сыйымдылығы 125 мың адам болған. Дегенмен сол кездегі 94 мың орын жанкүйерлердің аяғынан тік тұрып көруіне арналған екен.
8. Олд Траффорд
Орташа есеппен көрермендер саны: 74 978
Бұл әлемдегі ең мықты командалардың бірі – "Манчестер Юнайтед" командасының стадионы. Команданың жетекшілері Глейзерлер жанұясы. Сыйымдылығы жағынан еуропа жеріндегі ең мықты алаңдардың бірі болғанымен, "Олд Траффордта" соңғы он жыл көлемінде ешқандай дүбірлі дода өткен жоқ.
9. Сигнал Идуна Парк
Орташа есеппен көрермендер саны: 78 802
Бұл стадион 1970 жылғы Чемпиондар Лигасын қабылдау үшін салынған. Дортмундтық "Боруссия" командасының алаңы екенін өзіңізде біліп отырған боларсыз.
10. Камп Ноу
Орташа есеппен көрермендер саны: 79 458
Еуропадағы ең үлкен стадион. Қазіргі кездің өзінде стадион 80 мыңдай жанкүйерді бір сәтте құшағына сыйдыра алады. Солай бола тұра, 2008 жылдан бастап стадионды 106 мың жанкүйер сыятындай етіп қайта жасау жоспарланған.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: kurs.ru