Италия жартылай финалға шықты

Италия жартылай финалға шықты

Еуропаның бұрынғы чемпиондары Азияның ең мықтысы cаналатын Жапония құрамасын 4:3 есебімен тізе бүктірді. Конфедерация Кубогі жолында А тобының екінші күнгі тартысында Италия мен Бразилия құрамалары кездесіп еді.

УЕФА-ның ресми сайты аталған ойынның ең мықты ойыншысын атады. Ол - Синдзи Кагава.

Тартысты өткен әдем ойында италиялықтар 2 доп айырмасымен ұтылып жатып, ақырында, камбэк жасап кете алды.

Үлкен спорт - бұл ең алдымен сезім жарылысы. "Тартылыс заңы" секілді мыңдаған жұртшылық стадион толтырып, миллиондаған көрермен күн-түн демей, көгілдір экранның алдында телміріп отырады. Адамдар осы бір тартыста күрес пен жанкештілікті, қуаныш пен қайғыны көз алдарында қатар көргілері келеді. Сол нүктеден қарар болсақ, онда Италия мен Жапония арасындағы ойынның көптің көңілінен шыққаны даусыз.

Қай жолғыдай, ойын басталмас бұрынғы қысым айтып жеткізгісіз болды. Самурайлар соңғы уақыттарда жанкүйерлерін қуанта алмай келе жатқан. Бірінші күні болған тартыста Бразилия құрамасына оңбай жеңіліп, қатардан шығып қалудың аз-ақ алдында қалды. Міне, сондықтан Aльбeртo Дзaккeрoни баптаған шәкірттерге тек қана жеңіс керек болатын. Ал сол жеңістің Жапония құрамасына тігілмегені айдан анық.

"Барселонаның" ойын мәнерін алаңға алып шыққан самурайлар бірінші минуттардан тізгінді қолға алған болатын. Және бірінші минутта жүз пайыздық мүмкіндік орын алып еді. Керемет Кагава сол жақ бөліктен тамаша пас тастап және Кьелини алғашқы қателігін жасап, Маэда ойыншы өзіне келген оңтайлы мүмкіндікті, яғни әуелеп келген допты Буффон қорғаған қақпаға бағыттап жіберді.  Ойыншының баспен бағыттаған соққысы орта бөлікке бағыт алып, әр жолғыдай Джилжи командасын голдан құтқарып қалуға мүмкіндік алды.

Жапония сол аралықта қысымды ұлғайта түсіп, алаң иелігін түгелімен өз қолына алуға тырысты. Кагаваның белсенділігі мен Оказакидің жанкештілігі ортада ойқастап жүрген Хaсeбe мен Эндoларға доп асыруға мүмкіндік тудырды. Ақырында, Италия қысымға шыдамады. Дe Шильo табан астында тұрған допты Маэдеге сыйлай салып, ал ол өз кезегінде Буффонға бетпе-бет шықты. Қақпашы да жалма-жан әрекетке барып, өз қақпасына 11 метрлік айып добын алып берді. Төреші даулы тұста ойланбастан шешім шығарды. Сонымен, Хонда мүлт кетпеді. Есеп – 0:1.

Өз ойындарын тапқан жапондар одан кейін де сәті келгенде өткір шабуылдар жасауға кірісті. Скуaдра Aдзурраның қорғанысы сәт сайын сыр беріп, Мaриo Бaлoтeлли бастаған шабуылдар үндеместің кебін киді кешті. Және осы тұста Жапонияның екінші голы логикалық тұрғыда орынды орын алды. Аңдаусыз тұста пас алған Кагава Кьeллини қорғаушыны қапы қалдыра беріп, қақпаны дәл нысанаға алды - 0:2.  Чeзaра Прaндeлли бапкерге нағыз қысылтаяң шақ туды.

Италиялықтарға жапондардың өзі көмек қолын созды. Екінші голдан соң Жапония құрамасы дел-сал қимылдап, бірінші ойын бөлігі біткенше тартыстың қайта орнауына жол ашып берді. Қай жолғыдай Пирло бұрыштамадан доп асырған болатын. Қорғаушылармен алысып жүрген Дe Рoсси бірінші жетіп, бірнеше метр жерден қақпа торына допты бағыттай салды. Есеп – 2:1.

Одан кейінгі бөлікте италиялықтар жігер танытып, ойындағы тартысқа өздері себепкер болды. Және бұл жолы да жапондықтар көмектесті. Ацуто Утида өз қақпасына гол соғып алды. Марио Балотелли 52-минутта 11 метрлі айып добын сауатты орындады. Окадзаки есепті теңестіріп кетті (69 минут (3:3). Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда, италиялықтар кезекті өткір шабуылдарын ұйымдастырды. Алаң шетіне сытылып шыққан Маркизио асқан ептілікпен қақпа шетіне пас шығарып бере салды. Сол сәтті күтіп тұрған Джовинконың мүлт кетуі мүмкін емес еді.

Ресифи (Бразилия)

Конфедерация Кубогі

A тобы

Италия – Жапония – 4:3 (1:2)

Голдар: Хонда, 21 – пенальтиден (0:1). Кагава, 33 (0:2). Де Росси, 41 (1:2). Утида, 50 – өз қақпасына (2:2). Балотелли, 52 – пенальтиден (3:2). Окадзаки, 69 (3:3). Джовинко, 86 (4:3).

Италия: Буффон, Маджо (Абате, 59), Кьеллини, Де Шильо, Барцальи, Аквилани (Джовинко, 30), Де Росси, Монтоливо, Пирло, Джаккерини (Маркизио, 68), Балотелли.

Жапония: Кавасима, Нагатомо, Утида (Сакаи, 73), Конно, Есида, Хонда, Эндо, Кагава, Хасебе (Накамура, 90+2), Окадзаки, Маэда (Хавенар, 79).

Ескертулер: Буффон, 20. Де Росси, 36. Хасебе, 52. Конно, 90.

Төреші: Абаль (Аргентина).

Сурет:news.sport-express.r

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига