Ауыр атлетикадан Астана төрінде өтіп жатқан Азия біріншілігінде ерлер арасындағы 69 келі салмақтағы зілтеміршілердің жарысы аяқталды, деп хабарлайды Массагет тілшісі.
Бұл салмақ дәрежесі бойынша біздің еліміздің намысын 19 жасар Қызылорда облысының тумасы Әділбек Балқаев қорғаған болатын. Жарыс қорытындысы бойынша, Әділбек төртінші орыннан көрінді. Жұлқа көтеруде ол 132 келіні басынан асырса, серпе көтеруде 160 келіні бағындырды. Дегенмен, бұл көрсеткіш Әділбектің үздік үштіктер қатарынан көрінуіне мүмкіндік бермеді.
69 келі салмақта негізінен Иран, Солтүстік Корея, Қытай елдерінің зілтеміршілерінің арасында болды. Бірақ, бұл үштіктің арасында Солтүстік Кореялық зілтемірші Ким Муионг Хуок жұлқа көтеруде үш мүмкіндігін де көтере алмай, жалпы есепте медальді орындардан тыс қалып қалды.
Жалпы, бұл салмақта бірінші орынды ирандық зілтемірші Жабер Бехроузи алды. Ол серпе көтеруде 147 келіні бағындырса, серпе көтеруде 176 салмақты алды. Екінші орында индонезиялық спортшы Ариана Кетут. Ол екі жаттығудың қорытындысы бойынша 310 келіні (140 жұлқа, 170 серпе) көтерді. Үшінші орында тайпейлік Пан Чиен-хунг. Оның көрсеткіші 303 келі (140 септе, 160 жұлқа).
Айта кетейік, бүгін жарыс жолына 63 келі салмақта отандасымыз Карина Горичева мен 77 келі салмақта Кирилл Павлов шығады.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: Уалихан Қосанбай