Илья Ильин олимпиададағы көрсеткішінен асып түсті

Илья Ильин олимпиададағы көрсеткішінен асып түсті

Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан ауыр атлетика чемпионатында Илья Ильин 410 килограмм көтерді. 

Олимпиада чемпионының көрсеткен нәтижесі - жұлқи көтеруден 180 кг, серпи көтеруден 230 кг. Айта кетерлік жайт, Ильинге бар-жоғы екі-ақ талпыныс қажет болған. Естеріңзге сала кетсек, Бейжің қаласында өткен олимпиада ойындарында Ильин осы салмақтан 4 килограмм кем көтерген еді. Соңғы әлем чемпионатында да алтын алған Ильин жалпы қосқанда 407 килограмды бағындырған болатын. 

Аталған чемпионатқа 94кг дейінгі салмақ бойынша тағы 3 спортшы қатысты. Ұлттық құрамадағы орынға Ильиннің басты бәсекелесі Владимир Седов жұлқи көтеруде 187 кг-ды бағындырып, серпи көтеруде еш нәтиже көрсете алмай, жеңіліс тапты. Алмас Утешов жұлқи көтеруде дәл сондай нәтиже көрсетіп, серпи көтеруде 225 кг-ды бағындырды. Александр Зайчиковтың көтерген салмағы жалпы 401 кг-ды құрады. 

56 килограмға дейінгі категория бойынша Арли Чонтей 292 кг көтерді: жұлқи көтеру - 132, серпи көтеру - 160. 

62 килограммға дейінгі категория бойынша Фархат Харки 317 кг көтерді: жұлқи көтеру - 137, серпи көтеру - 180. 

77 кг салмаққа дейінгі категорияда Кирилл Павлов 344 кг-ды бағындырды: жұлқи көтеруден - 154 кг болса, серпи көтеруден - 190. 

85 кг дейінгі категория бойынша өнер көрсеткен Владимир Кузнецов серпи көтеруден тек 170 кг-ды бағындыра алды. 

Сурет: alaman.kz

Ж. FM