- Негізгі бет
- Маккала
- Халк "Челсимен" келісімге...
Халк "Челсимен" келісімге келді
Бразилиялық форвард Халк "Челси" командасымен жеке келісімге келді. Енді тек Роман Абрамовичтің командасы "Порту" командасымен арадағы трансферлік сауданың құнын анықтаса болды.
Португалия чемпиондары осы бір ойыншы үшін 75 миллион евро сұрап отыр. Алайда, Чемпиондар Лигасының жеңімпазы (2011/12) оның жартысын ғана төлеуге құлықты. Сонда да, келісім 90 пайызға шешіліп отырған сыңайы бар. Ол жағын сұр мерген шабуылшы Халктың өзі шешіп отырған сияқты. Себебі, ол өзінің лондондықтарға барғысы келетінін және командадан кеткісі келетінін айтыпты. Сонымен, егер екі жақ ортақ пәтуаға келетін болса, онда Португалия футболының тарихындағы ең үлкен трансфер орын алмақ.
25 жасар шабуылшы осы жылғы біріншіліктің 46 ойынына қатысып, 23 гол соғып, 15 рет командаласына ассистент болған. Ал Чемпиондар Лигасының алты ойынында 4 рет қарсы қақпаны сан соқтырған. Демек, нәтижелі шабуылшыны лондондықтар бекерден-бекер қалап отырған жоқ.
Сурет: eurosport.ru
Л. Лига