"Астана" командасының велошабандозы итальяндық Андреа Гуардини "Тур Лангкави" көпкүндігінің жетінші кезеңінде жеңімпаз атанып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Гуардини ақтық мәре жақындаған шақта әріптесі Франческо Чиччи мен Литва өкілі Айдис Круопистен оқ бойы озып кетіпті. Мәре сызығына жеткенге дейін көш тізгінін өз қолында ұстап келген.
Айта кетерлігі, "Астана" командасы осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Елордалық команда спортшыларының "Тур Лангкави" кезеңіндегі бағындырған асулары кешірек белгілі болады.
сурет: teamsky.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек