Қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері 30 жасар Геннадий Головкин мен 37 жасар жапондық самурай Нобухиро Ишида арасында 30-наурызда Монаконың Монте-Карло ауданында өтетін кездесуді Қазақстан ҰА тікелей эфирде көрсететін болды.
Биылғы жылдың қаңтар айында орта салмақтағы Әлемдік бокс ассоциациясының алтын белдігін қорғап қалған қарағандылық боксшы 2009 жылғы осы тұжырымның бұрынғы уақытша иесі болған жапондыққа қарсы кездесу өткізбек.
Ишида өзінің мансабы жолында шаршы алаңда 34 рет кездесу өткізіп, оның 24 жеңсе, 8 кездесуде жеңіліске ұшыраған. 2 кездесу тең есеппен аяқталған екен. Соңғы рет ол 2012 жылдың мамыр айында ресейлік Дмитрий Пирогтан ұтылған.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: boxing.ru