- Негізгі бет
- Маккала
- Гергес соққы жылдамдығы...
Гергес соққы жылдамдығы жағынан Серена Уильямстен басып озды!
Неміс теннисшісі Юлия Гергес осы жылғы өткен WTA турниріндегі ең қатты соққының авторы атанып отыр.
«Ролан Гаррос» бәсекесінде Гергестің қатты соққысы 203 км/сағатты құраған. Екінші орынды "Үлкен Шлем" турнирін осы жылы өмірінде 15-рет жеңіп алған Серена Уильямс еншілесе ((201,2 км/сағат), үздік үштікті Винус Уильямс пен тағы да бір неміс қызы Татьяна Малек (199,6 км/сағат) қорытындылады.
Бір таңғаларлығы, неміс ракетка шеберлерінің апалы-сіңілі Уильямстармен бәсекеге түсуі бұл бірінші жыл қайталанып отырған жоқ.
Айта кететін болсақ, қатты соққыдан әлем чемпионы Винус Уильямс болып қала бермек ("US Open-2007" турнирінде бір соққысы 207,6 км/сағат жылдамдықпен ұшқан).
сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига