Лозаннада (Швейцария) футбол тарихында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан УЕФА Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. Dдивизионында болған Қазақстан құрамасы топтаГрузия, Латвия және Андорраменкездеседі. Ұлттар лигасы Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (УЕФА) қолға алған жаңа футбол додасы. Халықаралық футбол күнтізбесіне сәйкес, әр екі жыл сайын өтетін болады. Жарыстың мақсаты ұлттық құрамалар деңгейінде футболдың өркендеуі мен ресми ойындардың санын арттыру. Бұл жарысқа УЕФА құрамына кіретін 55 елдің футбол қауымдастығының құрамалары қатысады. Олар осы ұйым рейтингі бойынша 4 дивизионға жіктелген. Бүгінгі жеребе бойынша 4 дивизионның өкілдері 3 не 4 құрамадан топтарға бөлінді. B, C және D дивизиондарында топ жарғандар бір саты жоғарылайды, ал A, B және C дивизиондарында көш соңында қалғандар төменгі дивизионға түседі. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы ойындары басталады. 2019 жылдың маусым айында A дивизионындағы төрт топтың жеңімпаздары арасында плей-офф жүйесінде (жартылай финал және финал) финалдық дода өткізіледі. Жартылай финалдық жұптар жеребе тарту арқылы анықталады. Ал финалдың қай жерде өтетіндігін УЕФА Атқару комитеті шешеді. Осылай, Ұлттар лигасының чемпионы белгілі болады. Яғни, Ұлттар лигасының чемпионы А дивизионындағы құрамалар арасында анықталады. УЕФА Ұлттар лигасында 2020 жылғы Еуропа чемпионатының төрт жолдамасы сарапқа салынады. Ал 20 жолдаманың иесі әдеттегідей іріктеу кезеңі бойынша белгілі болады. Төрт жолдама қалай сарапқа салынатыны жайлы төмендегі видеонұсқаулықтардан ұғынуға болады. Видеонұсқаулықтан ұққанымыздай, Қазақстан құрамасы бақ сынайтын D дивизионының төрт тобында үздік шықандар 2020 жылдың наурыз айында өтетін плей-офф додасына қатысады. Мұнда 2020 жылғы Еуропа чемпионатының қосымша төрт жолдамасы сарапқа салынады. Оған 16 құрама қатысады. Бұл - Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына жолдама алуына берілетін зор мүмкіндіктің бірі десек те болады. А дивизионы A1: Германия, Франция, НидерландA2: Бельгия, Швейцария, ИсландияA3: Португалия, Италия, ПольшаA4: Испания, Англия, Хорватия B дивизионы B1: Словакия, Украина, ЧехияB2: Ресей, Швеция, ТүркияB3: Австрия, Босния және Герцеговина, Солтүстік ИрландияB4: Уэльс, Ирландия, Дания C дивизионы C1: Шотландия, Албания, ИзраильC2: Венгрия, Грекия, Финляндия, ЭстонияC3: Словения, Норвегия, Болгария, КипрC4: Румыния, Сербия, Черногория, Литва D дивизионы D1: Грузия, Латвия, Қазақстан, АндорраD2: Беларусь, Люксембург, Молдова, Сан-МариноD3: Әзірбайжан, Фарер аралдары, Мальта, КосовоD4: Македония, Армения, Лихтенштейн, Гибралтар 2020 жылғы Еуропа чемпионатының қосымша төрт жолдамасы сарапқа салынатын додаға әр дивизионан төрт құрама қатысуы керек. Егер қосымша жолдамалар сарапқа салынатын додаға қатысуы керек А дивизионындағы құрама Еуро-2020 жолдамасына іріктеу кезінде қол жеткізіп алса, онда оның орнына бір сатытөмен орналасқан құрама барады. Ал егер А (немесе В) дивизионындағы құрамалардың барлығы дерлік (немесе көбісі) Еуро-2020 жолдамасын іріктеу ойындарында жеңіп алса, онда олардың орындарын келесі дивизиондағы құрамалар басады.