ФИФА жылдың ең үздік он голын анықтады

Аргентина құрамасының шабуылшысы Месси, Колумбия құрамасының шабуылшысы Радамель Фалькао және бразилиялық Неймардың голдары үстіміздегі жылдың он үздік голдары қатарына кірді.  Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайты хабарлайды.

Венгриялық атақты сұрмерген «Ференц Пушкаш» атындағы сыйлыққа жоғарыдағы ойыншылардан басқа - Хатем Бен Арфа және Эрик Хассли (екеуі де — Франция), Мусса Сов (Сенегал), Мирослав Стох (Словакия), Эммануэль Баду (Гана), Эрлан Меалья (Боливия) және Оливия Хименес (Мексика) үмітті.

Футболсүйер қауым өзіне ұнаған голға ФИФА-ның ресми сайтында немесе France Football журналының ресми сайтында 29 қарашаға дейін дауыс бере алады. Ал 30 қараша күні дауыс беру аяқталып, Сан-Паулу қаласында үздік үштік анықталатын болады. Содан кейін ФИФА мен журнал бірігіп үздік үштіктің ішінен жеңімпазды анықтау үшін тағы да дауыс беру шарасын ұйымдастырады.

«Ференц Пушкаш» атындағы сыйлықтың марапаттау рәсімі 2012 жылы 7 желтоқсан күні Цюрих қаласында өтеді.

Айта кетейік, бұл сыйлықты 2009 жылы -  Криштиану Роналду, 2010 жылы - Хамит Алтынтоп, 2011 жылы Неймар жеңіп алған болатын.

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/vjZe89ettEI?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: prosportkz.kz