- Негізгі бет
- Маккала
- Еуропа Лигасында ел...
Еуропа Лигасында ел командасы өнер көрсетпейтін болды
"Ақтөбе" командасы жауапты ойында Бельгиядан келген "Генк" командасына 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Сонымен айды аспаннан шығармаса да, Еуропа Лигасының келесі айналымына шығады-ау деген жалғыз командамыз жарыс жолын аяқтады. Барша қазақстандықтардың өкінішіне орай, өз алаңында есе жіберген ақтөбелік жігіттер тәп-тәуір-ақ өнер көрсете алды. Бірақ, (үнемі қайталап айта беруден жақ талса да, қайталап айтқым келіп отырғаны) ел командаларына осындай ойындарда тәжірибе жетіспейтін жататыны...
Ақтөбе қаласының стадионында ине шаншар орын қалмады десек те болады. Жұрттың бәрі бір жақсылықтың боларын іштері сезіп келді ме, командаларына ойын соңына дейін қызу қолдауларын білдіріп отырды. Өкінішке орай, біз жақтаған, ел мақтаған команда келесі айналымға шыға алмады. Соған қарамастан, ақтөбелік жігіттер қандай мақтауға болсын лайық және ел есінде мәңгілік қала бермек.
Еуропа Лигасы. Үшінші іріктеу кезеңі. Жауапты ойын
Ақтөбе (Ақтөбе , Қазақстан) - Генк (Генк, Бельгия) - 1:2 (1:1)
Голдар: Эмиль Кенжисариев, 31 (1:0); Жозе Надсон, 36 (1:1); Томас Буффель, 53 (1:2).
Соғылмаған пенальти: Йелле Фоссен, 7 ("Генк").
Бас төреші: Сириль Циммерманн (Мюнзинген, Швейцария)
Ақтөбе (Қазақстан). Орталық стадион.
Бірінші ойын: 1:2.
Сурет:vesti.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига