Еуропа лигасы. "Ақтөбе" бельгиялық "Генку" командасынан жеңіліп қалды

Еуропа лигасы. "Ақтөбе" бельгиялық "Генку" командасынан жеңіліп қалды

Қазақстандық "Ақтөбе" командасы Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде белгиялық "Генку" командасына жеңіліп қалды.

Бельгиялық командамен болған ойында  "Ақтөбе" командасы 2:1 есебімен жеңілді. Айта кететін болсақ, ойындағы ең алғаш голды алаң иелері соқты. 18-минутта төреші ереже бұзылғанын көріп, "Ақтөбе" командасына қарсы айып добын берді. Өз кезегінде команда мергені Йелле Фоссен мүлт кетпеді. Есеп: 1:0. Қарымта жауапты "Ақтөбе" командасының ойыншылары жеті минуттан соң қайтара білді. Петр Бадлоның тура соққысы таразы басын теңестіріп кетті. Алайда, бірінші ойын бөлігінің соңғы минуттарында француз Стивен Жозеф-Монроуз Андрей Сидельников қорғаған қақпадан саңылау тауып, бельгиялықтарды алға шығарды. Есеп:2:1.

Екінші ойын бөлігінде анау айтқандай қауіпті сәттер орын ала қоймады. Тиісінше гол да соғылмады. Жалпы "Ақтөбе" командасының келесі кезеңге шығуға әлі де мүмкіндігі бар. Тек 9 тамыз күні болатын қарымта ойында аз есеппен басым түссе болды.

Сурет:tengrinews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига