Соңғы уақытта жанкүйерлердің Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапановқа қоятын сауалдары көбейді. ҚФФ баспасөз қызметі олардың ішінде ең өзекті сұрақтарына жауап алуды жөн көрді.
- Ерлан Тоқтарханұлы, бүгін - 3-ақпан. Жанкүйерлер Қазақстан Ұлттық бас бапкерін әлі күтуде...
- Келіссөздер жүргізілуде. Әрине, оңай емес. Оларға қойылатын тапсырмалар, бас бапкердің көмекшілері, федерация және клубтармен өзара жұмыс, қаржы мәселесі қаралуда. Бірақ, шешуші сәтке келіп жеттік. Сәл уақыт қана қалды. Күтейік.
- Бас бапкердің алдына қандай мақсаттар қойылады?
- Әлем Чемпионатына жолдама алу. Кей жағдайда Англия мен Голландия құрамалары топтан шыға алмай жатады. Алайда, өз тобымыздан соңғы турда қосымша көрсеткіштер бойынша соңғы орыннан көтерілу тапсырмасы болмайды.
- Ал, көмекшілерге қатысты сұрақтар қандай?
- Бұл жетістікке жету үшін үлкен кедергі екені анық. Талқылап жатырмыз. Біз үшін өз тәжірибесімен бөліспейтін шетелдік маманды шақыру қызықты емес. Сол себепті жаттықтырушылар құрамында қазақстандық бапкерлер болады.
- Клубпен өзара жұмыс істеуде қандай қиындықтар бар?
- Барлық клубтар өз футболшыларын құрамаға жіберуді қаламайды. Алысқа кетудің қажет жоқ. Достастық Кубогына «Астана» футбол клубы Шайховты, ал, «Қайрат» клубы Рудосельскийден бөлек, тағы бес футболшыны жібермеді. Дегенмен, ҚФФ бұл футболшылары шақырды және жауапкершілік жөнінде ескертті.
- Клубтар, оның ішінде «Астана» президенті Хамитжанов мырза ФИФА-ның ресми күнтізбесінен басқа уақытта футболшыларды құрамаға жіберуге міндетті емес деп санайды.
- «Астана» футболы клубын Хамитжанов мырза өз ақшасымен қаржыландырған жағдайда келіспеуі мүмкін еді. Алайда, «Астана» клубы өзге клубтар сияқты мемлекеттен қаржыландырылады. Бұл сөзді жақында ғана ұлттық құрамаға жауапты болған адамның өзінен есту таңғалдырды.
- «Астана» мен «Қайрат» жазалана ма? Қалай жазаланды?
- Міндетті түрде жазалаймыз. Бұл мәселеге сәл кейін тоқталамыз. Тәртіптік-бақылау комитеті қазіргі уақытты жетекшісіз қалды. Қарағанды облысының әкімінің шақыруымен Асқар Әбілдаев «Шахтер» футбол клубын басқарды. Тәртіптік-бақылау комитетіне шұғыл түрде жаңа басшыс іздейміз. Алдағы уақытта клубтардың өз футболшыларын құрамаға жібермеуіне жол бермеу үшін ҚФФ тиісті органдарына тәртіпке өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс жасаймыз. Құрамадан бас тартқан клубтарға үлкен көлемде айыппұл салуды енгізуді қарастырамыз.
- Кеше ғана баспасөзде «Астана» футбол клубының агенттік өтемақылары жөнінде ақпарат пайда болды. Бұл туралы не айтасыз?
- Бұл өте нашар жағдай. «Астана» акционерлерінің көңілі толмайды және олар соңғы екі маусымда бюджеттен агенттік өтемақыға бөлінген ақшаның қаншалықты мақсатты жұмсалғаны жөнінде федерациядан кеңес сұрады.
Жалпы, агенттік істермен жоспарлы күрес - федерацияның басым бағыттарының бірі. Қарағандыда «Шахтер» футбол клубы бойынша анықталған заңбұзушылықтардың соңына дейін шешілмегені таңғалдырды. Алайда, біз мұны осы жағдайда қалдыра алмаймыз. Барлық футболшылар мен жаттықтырушыларды жалақы мен басқа сыйақылар арқылы «пара беру» жүйесіне қатыспауға ескертемін. Мұндай қылмыстардың мерзімі жоқ. Қазақ футболын талан-таражға салушыларға біршама үлесін беретін футболшылар мен жаттықтырушылардың соңына кез келген сәтте түсуі мүмкін. Сенің қазақстандық, балқандық немесе африкандық болғаның маңызды емес. Елден кетіп қалғандар да жауапқа тартылады. Бір келісімшарт үшін мемлекеттік қаражаттан бөлінетін ондаған және жүздеген мың долларды құрайтын агенттік және көтерме ақыларды тоқтату қажет. Бұл туралы трансфер терезесі ашық кезде айтып отырмын.
Әріптестер! Күні кеше ғана Мемлекет басшысы қиын уақытта қаржыны үнемдеуге барлығымызды шақырды. Клубтар бұл тапсырманы орындауға міндетті. Агенттік және көтерме ақыларды төлемеңіздер! Бұл ақшаға манеж бен стадион салыңыздар. «Ақтөбе» футбол клубының директоры Васильевтен үлгі алыңыздар! Бүгін «Ақтөбе» жанкүйерлері бюджеттің 2 миллиард теңге болғанына наразы. Ал, келесі жылы бюджет тағы азаяды. Тек «Ақтөбе» емес, өзге клубтарды да осы жағдай күтіп тұр. Бюджет қаржысын жоятын ескі жүйелерді ертерек тоқтатқан клубтар ғана өмір сүре алады. Барлық құпия бір күні шындыққа айналады.
Дереккөз: kff.kz