"Реал" клубының бас бапкері Жозе Мауринью өз құрамасы сапында Дидье Дрогбаны көргісі келеді, деп хабарлайды Daily Mail.
Баспаның хабарлауынша, 34 жасар шабуылшы биылғы маусым аяқталысымен, еркін агент статусын алған соң, "Корольдік клуб" өкілдерімен екі жылдық келісімнің шарттарын талқылаған.
2004 жылы Дидьенің "Челси" клубына ауысуының бастаушысы болған Моуринью өткен жылдың жазында оны өз құрамасы сапына алмақ болған еді. Алайда, жүргізілген келіссөздер баға мәселесіне келгенде, тығырыққа тірелген болатын.
Чемпиондар лигасының биылғы қаһарманына сонымен қатар, Испания, Италия, Ресей клубтары да қызығушылық білдіруде. Айта кетсек, қытайлық «Шанхай Шэньхуа» клубы жақында Дрогбаға ұтымды ұсыныс жасауының нәтижесінде "Челси" ойыншысы толықтай дерлік келісімін берген еді. Алайда «Шэньхуа» клубының бас бапкері қызметіне Аргентинаның жаттықтырушысы болған Серхио Батиста Николя Анельканың орнына келетін болса, африкалық шабуылшы өз ойынан айнуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын атақты француз футболшысы Николя Анелка "Мен ол бапкер жайында ешнәрсе білмеймін. Тек бұқаралық ақпарат көздерінен ғана білдім. Егер бас бапкер қызметіне тағайындалса, бізде үлкен тіл мәселесі пайда болады. Мұнда мен жаттықтырушымын, бірақ ең әуелі ойыншымын. Мені келешекте қандай проблемалар күтіп тұрғанын түсінуім керек" деген болатын.
Сурет: itar-tass.com