- Негізгі бет
- Маккала
- "Джиро д'Италия". 16-кезеңде...
"Джиро д'Италия". 16-кезеңде Кангерт екінші болып келді
"Джиро д'Италия" велокөпкүндігінің он алтыншы кезеңі артта қалды. Қазірге, «Астана» командасының капитаны Нибали көшті бастап тұр.
Нибалиден өзге соңғы кезеңдерде команда қатарындағы Кангерт жақсы нәтижелерге қол созып жүр. Алғашқы ондықтан табылып, биіктерден көрінуде. 16-этаптың өзіндік қиыншылықтары болды. Валлуар мен Иврея арасындағы қарлы кезеңде барлық шабандоздар мәре сызығын кесті деуге келмейді. Десе де, еліміздің намысын қорғайтын «Астана» велокомандасы ешқандай жарақатсыз, уақыт жоғалтусыз бұл кезеңді артта қалдырды.
Жалпы кезеңді «Movistar» командасының шабандозы Беньят Инчаусти жеңіп алды. Мәреге екінші болып «Астананың» шабандозы Танел Кангерт келді. Үздік үштікті «Lampre» ұыжымының спортшысы Пшемыслав Ньемец қорытындылады.
Кезең қорытындысы бойынша, «Астана» ұжымының капитаны Винченцо Нибали жалпы есепте бірінші орынды сақтап қалды. Ол екінші орындағы «BMC» командасының шабандозы Кадел Эванстан 1 минут 26 секундқа алда. Ал үшінші орындағы «Sky» спортшсы Ригоберто Урана Нибалиден 2 минут 46 секундқа қалып келеді.
16 кезеңнің нәтижесі:
р/с | Велошабандоздар | Уақыты | +/- |
1 | Беньят ИНЧАУСТИ | 5:52:48 |
|
2 | Танел КАНГЕРТ «Астана» | 5:52:48 |
|
3 | Пшемыслав НЕМЕЦ | 5:52:48 |
|
4 | Рамунас НАВАРДАУСКАС | 5:53:02 | +14.000 |
5 | Кадел ЭВАНС | 5:53:02 | +14.000 |
12 | Винченцо НИБАЛИ «Астана» | 5:53:02 | +14.000 |
15 | Фабио АРУ «Астана» | 5:53:02 | +14.000 |
33 | Валерио АНЬОЛИ «Астана» | 5:55:12 | +02:24.000 |
82 | Паоло ТИРАЛОНГО «Астана» | 6:02:07 | +09:19.000 |
125 | Андрей ЗЕЙЦ «Астана» | 6:09:04 | +16:16.000 |
127 | Фредрик КЕСЬЯКОФФ «Астана» | 6:09:04 | +16:16.000 |
146 | Дмитрий ГРУЗДЕВ «Астана» | 6:09:04 | +16:16.000 |
Жалпы нәтиже:
р/с | Велошабандоздар | Уақыты | +/- |
1 | Винченцо НИБАЛИ «АСТАНА» | 67:55:36 |
|
2 | Кадел ЭВАНС «ВМС» | +1:26 | + |
3 | Ригоберто УРАН «Скай» | +2:46 | + |
4 | Микел СКАРПОНИ «Lampre» | +3:53 | + |
5 | Пшемыслав НЕМЕЦ «Lampre» | +4:13 | + |
Командалық есеп:
1 | «СКАЙ» | 185:45:06 |
|
2 | «БЛАНКО» | +5:45 | + |
3 | «Lampre» | +5:56 | + |
4 | «МУВИСТАР» | +8:18 | + |
5 | «АСТАНА» | +9:01 | + |
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz
Ю. НИКУЛЛИН