Лондондық «Челсидің» бұрынғы бапкері Роберто Ди Маттео «Sports Awards» байқауы бойынша 2012 жылдың үздік бапкері атанды.
Лондондық команданың тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасын жеңіп берген италияндық маман бұл сыйлықты Цюрих қаласында «Credit Suisse Sports Awards» байқауының марапаттау рәсімінде алды.
Айта кетейік, Ди Маттео «Челсиді» 2012 жылдың мамыр айынан бастап жаттықтырды. Оның жетекшілігімен «ақсүйектер» Ағылшын Кубогін және Чемпиондар Лигасын жеңіп алды.
Сонымен қатар Цюрихтегі салтанатты шара барысында 2012 жылғы Швейцарияның үздік спортшысы анықталды. Ол – Роджер Федерер. Федерер бұл атақты осымен бесінші мәрте жеңіп отыр. Ертеректе ол 2003, 2004, 2006, және 2007 жылдары елінің үздік спортшысы атанып келген болатын.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: vesti.kz