Краснодарлық "Динамо" командасында өнер көрсететін Дестини Хукер АҚШ-тың жыл волейболшысы атанып отыр, деп хабарлайды FIVB.
Естеріңізге сала кетсек, Лондон Олимпиадасында Хукер АҚШ құрамасымен бір сапта өнер көрсетіп, финалдық кезеңде Бразилияға есе жіберуге мәжбүр болған-ды.
Сонымен қатар, 25 жастағы спортшының еншісінде Әлем Кубогінің күмісі (2011) мен Орталық, Солтүстік Америка және Кариб бассейндерінде жыл сайын өтіп тұратын Конфедерацияның (NORСECA, 2011) алтыны бар.
сурет:infpol.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек