- Негізгі бет
- Маккала
- Денис Тен: «Мен...
Денис Тен: «Мен кәріс ұлтынан шыққан қазақпын!»
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Бостонда өткен әлем чемпионатынан кейін қолдау білдірген барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, кәріс мәнерлеп сырғанаушысы Юдзуру Ханю арасындағы келеңсіздікке байланысты пікірін айтты.
- Менің жеке электронды поштама келіп жатқан жеке басқа тиісетін хаттар толастар емес. Бірі – ұлтаралық дүрдараздықты қозғауды мақсат тұтса, бірі – мені айыптап отыр. Шын мәнінде, не болды деп өздерінен сұрағым келеді?
Бірақ, айтпай кеткен тағы болмас. Japan Today, Nikkan Sports, NBCSports, Xinhua, Kyodo News, Daily Mail және тағы басқа халықаралық басылымдар жаттығу кезіндегі жағдайды біржақты қарап, ушықтырды. Менің ойым осы ақпараттармен, жаным жарақатпен күресіп жүргенде әлем чемпионаты да аяқталып қалды.
Қиялдан құрастырылған шулы тақырыпты талқылағым келмейді. Мен тәрбиелі отбасыда өстім. Мұндай мәселелерді бетпе-бет шешуге дағдыланғанмын. Бұл шу менің жүрегіме қадалды.
Иә, мен корей ұлтынан шыққан қазақпын. Сондықтан маған айтылып жатқан «Korea-Phobia» (корейфобия) сияқты намысқа тиетін сөздер мені қорқыта алмайды. Мен бүкіл тағылған айыпқа тек «жоқ» деп жауап беремін.
Мен қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Жарақатпен өнер көрсету қиын болды. Жанкүйерлерін үмітін ақтамау одан да қиын соқты, - деді Денис Тен.
Айта кетейік, Сочи олимпиадасының чемпионы Юдзуру Ханю Бостондағы әлем чемпионатына дайындық кезінде Денис Тен оны әдейі соғып кетті деп айыптаған болатын. Ал Жапония тарабы ISU-дан Тенді жазалауды талап еткен еді.
О. Сансызбай