- Негізгі бет
- Маккала
- «Coca-Cola Былғары доп...
«Coca-Cola Былғары доп - 2012» турнирі өтпек
Кеше Қазақстан Футбол Федерациясы кеңсесінде «Coca-Cola Былғары доп 2011–2012» атты жастар арасындағы турнирдің жаңа форматын талқылау мақсатында пресс-конференция өтті.
Отырыста федерацияның вице-президенті Сейілда Байшаков, жасөспірімдер арасындағы футбол бөлімінің меңгерушісі Игорь Утробин, Қазақстан, Тажікістан, Қырғызстандағы «Кока-Кола» компаниясының менеджері Асад Ширинов, «Ole Brazil» футбол академиясының түлегі Рауан Сариев сөз алды.
Жалпы, «Coca-Cola Былғары доп 2011–2012» турнирі жасөспірімдер арасында осымен алтыншы жылы өткізіліп отыр. Бұл жолы да турнир дәстүрлі еуропалық «Күз-Көктем» схемасы бойынша өткізіліп отыр. Ересек топ арасындағы жеңімпаз команда осы жылдың шілдесінде Испанияға жол тартып,«Реал Мадрид» клубының алаңында өнер көрсететін болады.
Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов өз кезегінде былай деп пікір білдірді:
"Кеңестік кезде жасөспірімердің басын қосып, футболға баулитын «Кожаный мяч» турнирі бар еді. Қазіргі таңда осы қызметті «Coca-Cola Былғары доп» турнирі абыроймен атқарып келе жатыр. Турнирдің өтіп жүргенінен бері бес жыл ғана өтсе де, жастар арасында үлкен танымалдылыққа ие болып үлгерді. Бастапқы жылдарда сайысқа тек үлкен қалалардың оқушылары қатысып, қызығушылық танытып еді. Қазіргі таңда шалғай ауылдардағы оқушыларды да кездестіріп жүрміз. Бұл бізді қуантады".
Турнирдің ұйымдастырылу деңгейінің жоғары екендігі халықаралық дәрежеде мойындалып келеді. Мәселен турнир 2006 жылы «Балалар мен жасөспірімдер футболының әлем бойынша дамуына қосқан үлесі бар ең маңызды оқиға» атты УЕФА-ның дипломымен марапатталды.
Турнирдің финалдық сатысы мына уақыттарда өтеді деп жоспарланып отыр:
2001—2002 жылы туғандар. 10—18 маусым. Семей
1999—2000 жылы туғандар. 10—18 шілде. Карағанды
1997—1998 жылы туғанар. 1–9 мамыр. Тараз
сурет: sportlive.kz