Чемпиондар лигасында "Шахтер" "Слован" командасына есе жіберді

Чемпиондар лигасында "Шахтер" "Слован" командасына есе жіберді

Қарағандылық "Шахтер" командасы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде чехтардың "Слован" командасынан жеңіліс тапты. Чехияда болған ойын 1:0 есебімен аяқталды.

Алаң иелері бірінші минуттардан-ақ басымдылықты өз қолдарына алды. Және ойынның 23 минутында чехтар есеп ашты. Войтех Гадашчок өзіне берілген тамаша мүмкіндікті мүлт жібермеді. Одан кейін қонақтар да қарап қалмаудың амалын жасап, өткір шабуылдарды ұйымдастырып көруге тырысты.  Алайда, қарағандылықтарға сәттілік жетіспеді.

Екінші ойын бөлігінде "Шахтер" командасы қарсы қақпаға тайлы-таяғымен лап қойды. Алайда, қорғаныста ұқыпты ойын өрнегін көрсеткен чехтар қақпаларын голдан аман сақтай алды.

Бір қызығы, осы ойында орындалмаған айып соққысы орын алды. Никола Васильевич алаңнан қуылып кеткен соң төрешінің көмекшісі чехтардың ойыннан тыс қалғанын анықтайды. Содан кейін ресейлік төрешіге бастапқы ойынан айнуға тура келді.  

Ендігі жауапты ойын Қарағандыда 24 шілде күні өтеді. 



Сурет:tengrinews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига